«Ең қымбаты — қылыш»: Мәсімовтің мүлкі миллиондарға сатылып жатыр
Коллаж Orda.kz
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің мүлкінен 3,5 миллион теңге табыс тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
7 қазан күні компания электронды аукцион арқылы Мәсімовтің вилласынан тәркіленген заттардың тағы бір парасын сатқан. Он лоттың жетеуі сатылып, жалпы құны 3,5 миллион теңгеден асты.
Ең қымбат лот — қылыш болды. Қаптамасы мен сабында сүйек қондырмасы және тізбегі бар қару 930 020 теңгеге өтті. Бастапқы баға да дәл осылай белгіленген, бірақ бұған дейінгі бастапқы бағалау құны 1,3 миллион теңгеден жоғары болған.




Сонымен қатар, саудада сары металдан өрнек салынған қылыш (837 мың теңге) және қынаптағы болат қанжар (185 мың теңге) сатылды. Ерекше қызығушылық тудырған лоттардың бірі — люкс қаламдар. 925 сынамалы күмістен жасалған Montegrappa қаламы 440 мың теңгеге, ал Құраннан гравюралар салынған Visconti қаламы 402 мың теңгеге өтті.
Сондай-ақ, «Алма отаны», «Бәйтерек» және «Қазақстан картасы» серияларындағы коллекциялық монеталар сатылып, барлығы шамамен 280 мың теңге пайда түсті. Ал былғары белдік пен «Алтын адам», «Қазақстан фаунасы» және өзге де монета топтарына сатып алушылар табылмады.
Бұған дейін қайтарылған активтерді басқару компаниясы Мәсімовтің 5,5 миллион теңге тұратын мүлкін сатқан еді. Ол кезде ең қымбат лот — Елизавета II бейнеленген алтын монета болған. Оның бағасы бастапқы 3,2 миллионнан 4,3 миллион теңгеге дейін өскен.
Еске салайық, Астанадағы Кәрім Мәсімовтің вилласын тінту кезінде қару-жарақ, антиквариат, алтын құймалар, сағаттар, картиналар және өзге де қымбат бұйымдар табылған. Аумағы шамамен 2,9 мың шаршы метр болатын үйде бассейн, сауна, дискобар, караоке мен жеке сахна болған. Сондай-ақ онда миллиондаған доллар ақша мен бизнес-класстағы 11 көлік табылған. Үй мен жер телімінің құны 1,5 миллиард теңгеден асқан.
Айта кетейік, Кәрім Мәсімов 2022 жылдың қаңтарында мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталды. 2023 жылдың сәуірінде ол 18 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Сол жылдың қарашасында оған қатысты заңсыз ақшаны заңдастыру және аса ірі көлемде пара алу дерегі бойынша жаңа іс қозғалды. Ал 2024 жылдың күзінде Ресейде Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласының інісі Мадияр Капенов іздестіріліп жатқаны белгілі болды.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?