Ең ірі ресейлік компания Қазақстаннан толығымен шықты
Фото: Tmholding
Ресейдегі темір жолға арналған жылжымалы құрамды ең ірі өндіруші «Трансмашхолдинг» (TMH) компаниясының Қазақстанда активтері қалмады. Бұған дейін TMH Қазақстандағы бірнеше машина жасау кәсіпорындарының үлесіне ие болған.
Бұл туралы Orda.kz редакциясына Индустрия және құрылыс министрлігінен хабарлады.
Бесейлік «Трансмашхолдинг» компаниясының Қазақстандағы машина жасау саласындағы жобалардағы үлесі жоқ.
2012 жылдан бастап ресейлік холдинг ҚТЖ бақылайтын «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ (ЛКЗ) жартысына ие болды. 2018 жылдан бастап TMH француздық Alstom компаниясымен бірлесіп Астанадағы ESZ зауытында («Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС) электровоздарға арналған тартқыш трансформаторларды шығару бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыруда. 2022 жылы Ресей әскерилері Украинаға басып кіргеннен кейін ресейлік компания Қазақстандағы активтерінен құтыла бастады. Қазір екі зауыт толықтай басқа шетелдік инвесторлардың меншігінде.
«Локомотив құрастыру зауыты» АҚ бағалы қағаздарының 100% ұстаушысы Wabtec Transportation Engines Holding B.V. (АҚШ). Alstom Netherlands B.V. (ТҰК Alstom, Франция) «Электровоз құрастыру зауыты» АҚ 100% құрайды» деп хабарлады министрлік.
Индустрия министрлігінің мәліметінше, «Трансмашхолдингтің» Қазақстанда басқа мүддесі жоқ.
TMH 2023 жылдан бері АҚШ санкцияларының астында. Осыған байланысты холдингтің 20 пайыздық үлесі бар француздық Alstrom компаниясы оларды ресейлік инвесторға нақты құнының жартысына сатып жіберген.
Жаңалықтар
- Референдум-2026: Дезинформацияға қарсы күрес орталығы желідегі жалған ақпараттарды тіркеп жатыр
- Заңсыз активтерді қайтару аясында мемлекетке 1 трлн теңгеден астам қаржы құйылды – Бас прокуратура
- Қазақстанда сағат 16:00-дегі жағдай бойынша референдумдағы алдын ала қатысу көрсеткіші 64,43% болды
- Иран Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатудың екі шартын атады
- Референдум: Қаныш Сәтбаев атындағы университетте қалай өтіп жатыр?
- Назарбаев: Бір кезде мен Тоқаевты таңдадым, қазір де қолдаймын
- Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін журналистермен брифинг өткізді
- Қуандық Рахым референдумда дауыс берді, Димаш денсаулығына байланысты қатыса алмады
- Референдум: Мүмкіндігі шектеулі жандар қалай дауыс береді?
- Қазақстан полициясы күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр
- Референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы ақпарат жаңарды
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
- Назарбаев референдумда дауыс беруге келді
- Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді
- ОСК референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы дәл қазіргі мәліметті берді
- Азат Перуашев Референдумда дауыс берді
- Алматы облысы Іле ауданына тілшінің бақылап, ақпарат таратуына қарсы болған жағдай тіркелді
- Референдум: Бостандық ауданы тұрғындарының дауыс беруге белсенділігі байқалмады
- Референдум: ҚазҰУ учаскесінде қалай өтіп жатыр?
- Мәжіліс спикері жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді