Елжан Біртановтың ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды

cover фото: azattyq.org

Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Біртанов пен Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

Платформа денсаулық сақтау жүйесіндегі мәселелерді жедел шешу үшін науқастар, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы барлық ақпаратты біріктіруі керек болатын. Бүгінгі күні платформа жұмыс істемейді және медициналық мекемелер оны қолданбайды, бұл жиналған дәлелдермен расталады.

Аяқталмаған жұмыстың құны - 4,1 млн доллар (1,5 млрд теңге).

Сондай-ақ, Елжан Біртанов 2020 жылғы маусымда санитарлық авиация ұшағын жеке мақсаттары үшін пайдалану кезінде өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

- 7 шілдеде сотқа дейінгі тергеудің аяқталғаны жарияланып, қылмыстық іс материалдарымен танысу басталды, - деді Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар