Елорда қоқысқа батып, Тайтөбе тұрғындары тұншығып отыр

cover Хабар 24

Тайтөбе тұрғындары қоқыс полигонынан шығып жатқан иіске шағым түсірді. Полигон аумағы жылдан жылға ұлғайып барады.

Бұл туралы Orda.kz Хабар арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Тайтөбе маңындағы қоқыс полигоны 5 шақырым жерде орналасқан. Жалпы ауданы 150 гектар болады.

Ауылдан шығар жолға шлагбаум орнатылған, ал жаны арықтармен қазылған. Дегенмен бұл әдіс жүк көліктерін тоқтата алмаған.

Жергілікті тұрғындар билікке әбден наразы. Олар терезе аша алмай отырғандарын айтты. Сондай-ақ, қоқыс полигонынан жазда өрт шығып, елді-мекен түтінге оранады.

– Бұл жердегі қоқыс сұрыпталмайды, өңделмейді. Ашық аспан астында шашылып жатыр. Бұл маңда тарихи қорғандар, мавзолейлер, кесенелер бар. Соларды негізге алып, туристік аймаққа айналдыруға болатын еді. Бірақ оған бас қатырмай, қоқыс тастау оңай болып тұр, - деді жергілікті тұрғындар Роза Байзақова.  

Атқарушы билік адамдардың қарсылығына қарамастан, қоқыс тасушы компанияға ресми рұқсат берген.

Амалы қалмаған тұрғындар Президентке хат жазды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар