Еліміздің Қарулы Күштері Бас штабының бастығы өзгерді
Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республиканың Қорғаныс министрлігінде кадрлық өзгерістер жасады, деп хабарлайды Orda.kz «Ақорда» баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Мемлекет басшысы өз өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіровті Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы етіп тағайындады. Ол бұрынғы атқарған қызметінен - Қорғаныс министрінің орынбасарынан босатылды.
Әбубәкіров Қаныш. Фото: Қорғаныс министрлігі
Әбубәкіров Қаныш 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) дүниеге келген. Қазақстан қарулы күштерінің әскери академиясын, Ұлттық қорғаныс университетін бітірген.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, Құрлық әскерлерінің десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы, Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2024 жылы генерал-лейтенант атағын алды.
Мемлекет басшысы тағы бір өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Камалетдиновті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметінен босатқан болатын.
Камалетдинов Сұлтан. Фото: Қорғаныс министрлігі
Камалетдинов Сұлтан 1965 жылы Астрахан облысының Зеленга ауылында дүниеге келген. Ташкент жоғары танк командалық училищесін, Броньды танк әскерлерінің әскери академиясын, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының әскери академиясын бітірген.
Бұған дейін «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары, қорғаныс министрінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Оқи отырыңыз:
- Оспадарсыз әлеуметтік сақтандыру: қайтыс болғандарды қабылдауға жазып, ер адамдарды әйелдерге арналған скринингтен өткізген
- Алматының тынысы тарылды: энергетика министрі ЖЭО-3-тің жұмысын сынады
- Қазақстан —Қытай арақатынасы нығая түспек: Гуанчжоуда бас консулдық ашылды
Жаңалықтар
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады