Еліміздің барлық банктеріне 2025 жылдың басында бірыңғай QR код енгізіледі
Фото: gov.kz
Банктер үшін бірыңғай QR кодтың ұлттық жүйесі биылғы жылдың соңына дейін пилоттық режимде жұмыс істей бастайды. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның барлық банктері үшін бірыңғай QR код іске қосылады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы жексенбі, 15 қыркүйекте Ұлттық банктің «Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Бинұр Жәленов мәлім етті.
«Биыл біз телефон нөмірі бойынша (және ірі банктерде), ал келесі жылдың бірінші жартысында – бірыңғай QR арқылы банкаралық аударымдар мүмкіндігін қосуды жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде жұмыс қызу жүріп жатыр» деп жазды ол Instagram парақшасында.
Сәуір айында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов жүйені 2024 жылдың соңына дейін пилоттық режимге енгізу жоспарланып отырғанын хабарлады. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында барлық банктер үшін бірыңғай QR коды іске қосылады.
Ұлттық банк басшысы бұл жүйенің не үшін қажет екенін түсіндірді.
«Ұлттық банктің 100% еншілес ұйымы Ұлттық төлем корпорациясы жеке банктер шығарған QR кодтары өзара оқылатын жүйе құру идеясы бар.
Дүкенге келсең, QR жасағың келсе, Halyк-дан немесе Kaspi-ден сұрайтыны жиі болады. Kaspi терминалы арқылы Halyk картасымен және керісінше төлеу мүмкін емес.
Бұл тұтынушылар үшін де, банктер үшін де мүлдем қолайсыз деп ойлаймын. Өйткені кейбір транзакциялар жойылады. Нәтижесінде адам QR арқылы төлеудің орнына қолма-қол ақшамен немесе басқа әдіспен төлейді», - деді Тимур Сүлейменов.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды