Еліміздегі көліктердің жартысынан көбі несиеге алынған
Фото: Егемен Қазақстан
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанда несиеге алынған көліктердің үлесі 36 пайыздан 59 пайызға дейін өскенін Orda.kz хабарлайды.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының шолуына сәйкес, қаңтар-маусым аралығында автонесиелеу басқа несие түрлерімен салыстырғанда ең жылдам өскен. Банктердің жалпы несие қоржынындағы автонесиелердің үлесі 15,4 пайызға жеткен.
Қазақстандықтар көлік алу үшін жиі несие рәсімдейтін болған. Бұған автосалондардың маркетингтік науқандары, жеңілдік бағдарламалары, несие рәсімдеудегі цифрландыру үдерісінің жеделдеуі және қарыз жүктемесі коэффициентін есептеудің ерекше тәртібі әсер еткен.
Алты ай ішінде Қазақстан банктері 1,2 трлн теңгеге автонесие берген. Жеке тұлғаларға берілген жаңа несиелер ішіндегі олардың үлесі 13,2 пайыз болған. Осы кезеңде автонесиенің орташа пайыздық мөлшерлемесі 14,6 пайыздан 15,8 пайызға дейін өскен. Несие сомасының орташа мөлшері 6,3 млн теңгеден 6,7 млн теңгеге дейін артқан. Несие мақұлданған өтінімдердің үлесі 17,6 пайызға жеткен.
«Бірінші жартыжылдықта автонесиеге берілген өтінімдердің саны жылдық есеппен 54 пайызға өсіп, 2,9 миллионға жетті. Сонымен қатар несиеге сатып алынған көліктердің үлесі 36 пайыздан 59 пайызға дейін көбейді. Жалпы тіркелген көліктердің саны 3 пайызға артты. Автонесие бұрын тек белгілі бір топ қолданатын құрал болса, қазір елдегі көлік сатып алушылардың басым бөлігіне арналған кең таралған өнімге айналды», деп атап өтті Қаржыгерлер қауымдастығы.
Тұрғындар көбіне 5 миллионнан 20 миллион теңгеге дейінгі көліктерді несиеге алады. Сарапшылар автонесиелерге деген жоғары сұраныс сақталады деп болжайды, бірақ несие мөлшерлемесі нақты банкке байланысты.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн шағын несие алуға өтініш берген кезде биометриялық сәйкестендіруді де, электрондық цифрлық қолтаңбаны да (ЭЦҚ) міндетті түрде бір мезгілде қолдану енгізілді.
Бұған дейін біз Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандықтар несие бойынша төлемді уақытында төлей алмаған жағдайда қандай қадамдар жасайтынын жазғанбыз.
Ұлттық банк жариялаған есепте 2023 жылы жеке азаматтарға, бизнеске берілген несие 34,6 трлн теңге болған. Жақында Шымкентте 280 миллион теңгеге үй мен көлік алған тағы бір зергерлік қаржы пирамидасы әшкереленді.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды