Еліміздегі балалар ұйымдарына 7 миллион теңге айыппұл салынды
Қазақстанның әр өңірінде 32 балаларды сауықтыру ұйымы тексерілді. Нәтижесінде оларға жеті миллион теңгеден асатын айыппұл салынды. Бұл туралы Орталық басқару ызметінде өткен брифингте Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев айтты, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
Прокуратурамен бірлесе жүргізген департаменттің тексерісіне лагерьлер, арнаулы мектептер, мектеп-интернаттар, оқушылар сарайлары және жазғы демалыста балалардың бос уақытын өткізетін басқа да нысандар қамтылды.
«Ұйымдардың 337-ден астам тексерілмеген өлшеу құралдарын пайдаланғаны анықталды. Олардың ішінде таразылар, термометрлер, тонометрлер бар. Яғни, ағзаның өмірлік көрсеткіштерін өлшеуге арналған құралдар. Олардың дұрыс жұмыс істемеуі балалрдың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін», - деді Елікбаев.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында көлік прокуратурасымен бірлесе отырып, қоғамдық көлікті автобуспен қамтамасыз еткен компаниялардың бірін тексерді.
«Жұмысқа шығатын жүргізушілерді күнделікті медициналық тексеру үшін тексерістен өтпеген алкотестер мен тонометрлер пайдаланылғаны белгілі болды», - деді спикер.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды