Елімізде жаңа билік органы — Халықтық кеңес құрылды
Фото: Ақорда
Қазақстан Республикасының Ұлттық құрылтайында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа орган - Халықтық кеңестің құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Кеңес Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ұлттық Құрылтайдың міндеттерін өзіне алады. Құрамына 126 адам кіреді. Төрағаларды президенттің өзі тағайындайды.
Этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелері де ҚХА-дан Халықтық кеңеске ауысады. Ол әлемдік діндер көшбасшыларының съезін өткізеді. Оны Конституцияға енгізіп, жаңа заң шығарады. Халықтық кеңес заң шығару бастамашылығы құқығына ие болады.
Сондай-ақ президент басқа да парламенттік реформалар туралы хабарлады. Осылайша мәжіліс жаңа өкілеттіктерге ие болады.
«Қолданыстағы Конституцияға сәйкес, өздеріңіз білетіндей, Конституциялық Сотты, Жоғары аудиторлық палатаны және Орталық сайлау комиссиясын құру жөніндегі өкілеттіктер Мәжіліс, Сенат және Президент арасында тең бөлінген. Енді осы маңызды мемлекеттік құрылымдардың барлық мүшелерін тағайындау тек Парламенттің келісімімен жүзеге асырылуы ұсынылады. Сондай-ақ, еліміздің жоғары өкілді органының депутаттарына президенттің ұсынысы бойынша Жоғарғы Соттың барлық судьяларын сайлау өкілеттігін беру ұсынылады», - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, бұл қазақстандық парламентаризмді дамытудағы, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік жүйесін нығайтудағы үлкен қадам.
Бүгін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың V отырысының жұмысын бастады. Ол екі күнге жоспарланған форумның алғашқы күні төрт панельдік секцияның отырыстары форматында өткенін еске салды. Қатысушылар әлеуметтік-мәдени даму, ғылым мен білім беру саласын қоса алғанда, кең ауқымды мәселелерді талқылауда.
Жаңалықтар
- СҚО-дағы тас жолда екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты
- Кәсіби боксшы Мадияр Әшкеевтің АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті
- 4700-ден астам қазақстандық елге оралды
- 7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар