Елімізде ұялы телефондардың қара тізімі жасалады
Фото: gov.kz
Бұл тізімге кірген құрылғылар байланыстан ажыратылады, деп хабарлайды Orda.kz.
16 тамызда Цифрлық даму министрлігі ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында Қазақстанда ұялы телефондардың үш тізімін жасауды ұсынатын құжат жобасын орналастырды: ақ, сұр және қара. Бұл тізімдерге телефондар Қазақстан Республикасына әкелінетін құрылғыларда жеке IMEI кодтарындағы ақаудың бар-жоғына қарай қосылады.
Тізімдердің өзі құжаттың салыстырмалы кестесінде түсіндірілгендей, біріншіден, ұялы телефондардың сұр импортымен күресу үшін қажет. Ал екіншіден, ұрлықтарды ашу кезінде полицияның жұмысын жеңілдетеді.
«Қазіргі уақытта еліміздегі ұялы байланыс компаниялар желілерінде IMEI кодтары қайталанатын 3,7 миллионға жуық абоненттік құрылғысы жұмыс істейді. Бұл ретте мемлекетке ықтимал жоғалуы мүмкін салықтар мен төлемдер түріндегі тікелей шығын жылына 100 млрд теңгеден асады, ал осы қызметпке байланысты басқа салықтардың төленбеуін есепке алғанда, бюджет шығыны 150 млрд теңге болады. Қайталанатын IMEI кодтарының болуы құқық қорғау органдарына ұрланған ұялы телефондарды іздеу және бұғаттау бойынша жедел жұмыстарды тиімді жүргізуге мүмкіндік бермейді» делінген жобаның салыстырмалы кестесінде.
Цифрлық даму министрлігі желіде тіркелген кезде қайталанатын немесе өзгертілген IMEI код проблемалары бар телефондарды қосуды ұсынады. Ол сондай-ақ мобильді байланыс қауымдастығының (GSMA) жаһандық жүйесінің ұқсас тізімінде тұрған телефондарды қамтиды.
Мұндай құрылғыларды бақылау және ұялы байланыс құрылғыларын анықтауға арналған ақпараттық жүйе қадағалайды. «Қара» телефон анықталған кезде, ондағы деректер алдымен сәйкестендіру кодының дерекқорына, содан кейін байланыс операторларына түседі. Және олар абонентке телефонының Қазақстанда заңсыз пайдаланылып жатқанын хабарлауы керек. Осыдан кейін оператор оны бір сағат ішінде өшіре алады.
Дегенмен, құжат жобасында қара тізімнен шығуға болатын-болмайтыны айтылмаған.
Сұр тізімге Қазақстанда пайдалануға заңсыз деп күдіктенген телефондар кіреді. Құрылғылар онда 30 күн қалады, содан кейін оларды «қара» немесе «ақ» тізімге «қайта бояуға» тура келеді.
Ақ тізімге IMEI кодтарында ешқандай проблемалары жоқ телефондар кіреді. Құжат жобасын ашық құқықтық актілер сайтында талқылау 2 қыркүйекке дейін жалғасады.
Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап мобильді құрылғыларды міндетті тіркеу күшіне енді.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды