Елімізде таңбаланбаған ЖИ-контент үшін айыппұл қарастырылатын болды
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен жасалған контентті таңбалау талаптарын енгізді. Енді мұндай материалдарды қолданғанда ескерту белгісін пайдалану қажет. Оны қоймай пайдаланғандар мен таратқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомство әрбір сурет пен бейнероликті жаппай тексеру жүргізілмейтінін мәлімдеді. Уәкілетті орган азаматтардың өтініштері мен шағымдарына, сондай-ақ ашық ресурстар мен контент таратудың ресми арналарына жүргізілетін мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып әрекет етеді.
«Media Qoldau» құқықтық медиаорталығының заң қызметінің жетекшісі Гүлмира Біржанова заңның кейбір қыр-сырын түсіндірді. Оның айтуынша, әкімшілік жауапкершілік ЖИ-контентті жасағаны үшін емес, оны пайдалану және тарату фактісі үшін көзделген.
«Тек жасағаны үшін жауапкершілік болмайды. Мәселе мұндай контент қолданылғанда немесе таратылғанда туындайды, әсіресе жалған ақпарат, соның ішінде дипфейктер туралы сөз болса. Мұндай жағдайларда, әдетте, жауапкершілік контентті таратушыларға жүктеледі», — деді ол.
Сарапшының сөзінше, тәжірибеде ЖИ-контенттің нақты авторын анықтау техникалық тұрғыдан қиын, сондықтан қадағалау органдарының назары ең алдымен материалды жариялап, тарататын тұлғаларға ауады.
Таңбалаудың форматына қатысты сұраққа жауап берген Біржанова заңда әзірге тиісті белгі қай жерде орналастырылуы керектігі нақты көрсетілмегенін атап өтті.
«Мұнда онлайн-платформалар және жарнаманы таңбалау туралы заңмен ұқсас жасауға болады. Алдымен жалпы тыйым енгізілді, кейін министрдің бұйрығы шығып, контентті қалай, қай жерде және қандай тұжырымдармен таңбалау керектігі түсіндіріледі. Қайшылықтардың алдын алу үшін ЖИ мәселесінде де осылай болуы әбден мүмкін», — деп түсіндірді ол.
Қандай айыппұлдар қарастырылған
ЖИ-контентті таңбалау талаптарын бұзғаны үшін келесідей айыппұлдар көзделген:
- жеке тұлғалар үшін — 15 АЕК (64 875 теңге);
- шағын бизнес үшін — 20 АЕК (86 500 теңге);
- орта бизнес үшін — 30 АЕК (129 750 теңге);
- ірі бизнес үшін — 100 АЕК (432 500 теңге).
Жасанды интеллект туралы заң 2026 жылғы 18 қаңтарда күшіне енеді.
Бұл заң – еліміздің цифрлық даму бағытын нақты құқықтық негізге көшіру жолындағы маңызды екені сөзсіз. Заң 7 тараудан, 28 баптан тұрады. Құжатта «жасанды интеллект», «жасанды интеллект жүйесі», «модель», «деректер кітапханасы», «синтетикалық нәтиже» сияқты ұғымдарға алғаш рет ресми анықтама берілді.
Бұл — жасанды интеллектіні қолдануға қатысты дау тудырған жалғыз мәселе емес. Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесіне SKAI жасанды интеллектінің қатысуы қолданыстағы заңнамаға қайшы келетінін растаған болатын.
Заңда жасанды интеллектке қатысты жауапкершілік және бақылау қағидаттары бекітілді. Соған сәйкес, меншік иелері мен пайдаланушылар жасанды интеллект жүйелерін қолдану кезінде өзінің атқаратын рөліне қарай жауап береді.
Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін кейбір әрекеттерге тыйым салынды:
- Жеке деректерді заңсыз жинау немесе өңдеу;
- Түпнұсқалық, манипуляциялық тәсілдер қолдану;
- Құқықтық тәртіпті бұзатын басқа да әрекеттер.
Енді жасанды интеллект арқылы жасалған бейне немесе суреттер міндетті түрде таңбалануы тиіс. Заң әлемдік тәжірибеге сүйенген. Сондай-ақ ұлттық жасанды интеллект платформасын құру және дамыту үшін негіз болады.
Ең бастысы, заң адамға зиян келтіруі мүмкін жасанды интеллектің кейбір әрекетіне нақты тыйым салады:
- Азаматтың келісімінсіз оның мінез-құлқына ықпал ететін ЖИ жүйесін қолдануға;
- Адамның жасы, денсаулығы немесе әлеуметтік жағдайын әдейі пайдалануға;
- Адамдарға әлеуметтік мінез-құлқы мен жеке қасиеттеріне қарай баға беруге (әлеуметтік скоринг);
- Адамның эмоциясын келісімінсіз талдауға;
- Заңда рұқсат етілмеген жағдайда қоғамдық орындарда бет әлпетті тануға;
- Заңмен тыйым салынған жасанды нәтиже жасау мен таратуға қатаң шектеу қойылады.
Бұл нормалар жасанды интеллекттің адам өміріне кері әсерін азайтып, технологиялардың этикалық және қауіпсіз дамуын қамтамасыз етуді көздейді. Айта кетсек, еліміз осылайша ЖИ саласында адам құқын бірінші орынға қойған әлем елдерінің қатарына қосылып отыр.
Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:
- Жасанды интеллект тергеуі: Жасөспірімдер жалған төлемдермен сауда жасаған
- «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесіне жасанды интеллект мүше болды
- Қазақстанда оқушылардың білімін ЖИ-репетиторлар қолға алады
Жаңалықтар
- Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі ертең Майамиде өтеді
- Трамптың арнайы өкілі Иранмен қақтығысты реттеудің төрт шартын атады
- Атырауда автобус ішінде жасөспірім қыздар төбелесіп қалды
- Елімізде таңбаланбаған ЖИ-контент үшін айыппұл қарастырылатын болды
- Алыпсатарлар кесірінен теңге күрт құлдырауы мүмкін
- Атырауда бір отбасының жоғалуы: Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу жұмыстары тоқтатылды
- Қысқы Олимпиаданы тікелей эфирден қайда көруге болады
- Оспадарсыз әлеуметтік сақтандыру: қайтыс болғандарды қабылдауға жазып, ер адамдарды әйелдерге арналған скринингтен өткізген
- Алматының тынысы тарылды: энергетика министрі ЖЭО-3-тің жұмысын сынады
- Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашқан жігіт ұсталды
- Еліміздің шығысында -45 градусқа дейін суытады: 12 облыста дауылды ескерту жарияланды
- Маржан Арапбаеваны ұрып, шашынан сүйреген азаматтық күйеуі қамалды
- Гүлнәр Бажкенованы енді кім қорғамақ? Мұрат Адам лицензиясынан айырылды
- Алматы облысында автобустың әйнегін сындырған үш адам ұсталды
- Мұрат Адам адвокаттық лицензиясынан айырылды
- Дінмұхамед Қонаевтың туған қарындасы қайтыс болды
- «Қанды сейсеп көрсетіп, сүйінші сұраған»: Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашып, зорлады деп мәлімдеді
- Солтүстік Қазақстанда аязда қалып, үсікке ұрынған зейнеткер көз жұмды
- Тоқаев банктер туралы жаңа заңға қол қойды: қандай өзгеріс болады
- Қырғызстанда өтетін Көшпенділер ойындарына қазақтың көкпары қосылды