Елімізде мектеп күзетшілеріне қару ұстауға рұқсат беріледі
Фото: gov.kz
Үкімет Қазақстанда мектептер мен балабақшаларды күзету бойынша бірыңғай талаптарды бекітті, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев мәлімдеді. Оның айтуынша, білім беру мекемелерінің қауіпсіздігін лицензиясы бар күзет ұйымдары қамтамасыз етеді.
Жаңа талап бойынша, енді күзет қызметіне арнайы дайындықтан өткен 25-50 жас аралығындағы ер адамдар алынады. Күзетшінің арнайы кәсіби дайындықтан өткен болуы және қару алып жүруге, оны қолдануға лицензиясы болуы шарт. Бастысы бұрын сотталмаған болуы керек. Сонымен қатар мектепті күзету үшін мекеме кем дегенде 2 жедел әрекет ету тобын жасақтауға тиіс.
Ермек Көшербаевтың айтуынша, қазіргі таңда кейбір білім беру ұйымдарында жасанды интеллект жүйесі енгізіліп жатыр екен. Бұл жүйе буллинг деректерін автоматты түрде анықтап, мектеп әкімшілігіне ескерту жібереді. Жүйе мектеп ішінде ғана емес, оның айналасындағы аумақта да қауіп-қатер белгілерін анықтай алады.
Айта кетейік, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде басшылық қаражат жымқырған еді. Тергеу ісі аяқталды.
Жаңалықтар
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема