Елімізде қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

cover Фото: freepik.com

400 мыңға жуық азамат атаулы әлеуметтік көмек алды, деп хабарлайды Orda.kz

Осы жылы атаулы әлеуметтік көмек үшін бюджеттен 56 миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Бұл көмек түрі табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан аспайтын отбасыларға беріледі.

Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтінішті тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталығына, әкімдікке барып немесе eGov порталы арқылы беруге болады. 

Атаулы әлеуметтік көмекпен бірге жұмыс та ұсынылады. Өз ісін ашуға ниеті бар отбасыларға грант беріліп, біліктілікті арттыру курстарына да жіберіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар