Елімізде әлемнің жарығын сыйлаған – Аналар күні мерекесі
 Фото: Егемен Қазақстан
          
          
            Фото: Егемен Қазақстан
          
          
        Мамыр айының екінші жексенбісінде елімізде Аналар күні атап өтіледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Үкіметінің 2023 жылғы 31 мамырдағы қаулысында мерекелеу күні қыркүйектен мамырдың екінші жексенбісіне ауыстырылғаны белгіленген.
2024 жылы бұл мереке Қазақстанда 12 мамырда алғаш рет атап өтілді. Аналарды қорғау – мемлекеттегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерінің бірі екені баршаға мәлім.
«Отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы институтын және тәрбиені нығайту мақсатында көптеген елде тойланатын Ана күні мен Әке күні біздің елде де ресми мереке ретінде бекітілді» деп жазылған Қазақстан Үкіметінің 2023 жылғы хабарламасында.
Аналар күні – әлемнің көптеген елдерінде ананы құрметтеу, аналарға сүйіспеншілігі мен қамқорлығы үшін алғыс айту үшін атап өтілетін маңызды мереке.
Аналар күні мамыр айының екінші жексенбісінде АҚШ, Канада, Германия, Италия, Бельгия, Дания, Финляндия, Эстония, Түркия, Жапония, Бразилия және Австралияны қоса алғанда 20-дан астам елде атап өтіледі. Бірқатар басқа елдер бұл мерекені бөлек күндерде атап өтеді.
Аналар күні - бүкілхалықтық мереке. Бұл мереке жарық дүниеге бала әкеліп, өсірген әйелдерге ғана емес, әлемнің жарығы мен шуағын силаған анасына алғысы бар әрбір адамға да қатысты.
Әлеуметтік Кодексте балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көзделген, оның ішінде бала күтімі бойынша төлем мерзімі 1,5 жасқа дейін ұзартылды.
Еңбек заңнамасында жұмыс істейтін аналардың құқықтары мен міндеттері реттелген. Жұмысқа қабылдау кезінде кепілдіктер беру және жүкті әйелдер мен балалары бар әйелдерді жұмыстан шығаруға тыйым салу, үш жасқа дейінгі балалары бар аналарға жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс беру көзделген.
Қазақстандағы Әкелер күні маусымның үшінші жексенбісінде тойланады.
Жаңалықтар
- Атырау облысында шенеунік өзін-өзі атып өлтірді
- Қазақстан Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайына іздеу жариялады
- «Аралас мектеп – отаршыл саясаттың көрінісі»: Алматыдағы №224 мектеп аралас бола ма?
- Тоқаев Иманғали Тасмағанбетовпен кездесті
- Кәмелеттік жасқа толмаған Алматы облысының тұрғыны 12 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінді
- Orda.kz редакциясының бас редакторы Гүлнәр Бажкенова Kaspi.kz-ке қарсы шықты
- Ресейде курс сатқан блогер 7 жылға сотталды
- Ақтөбеде жұмыс уақытында демалыс орнында шомылған әкімдік қызметкерлері жазаланды
- «Қазақтың Робин Гуды» Сәриев өліп қалған адам үшін «емге» деп 20 млн жинағаны рас па?
- Ақтөбеде 14 жасында босанған оқушының әжесі жол апатынан қаза тапты
- «Құлап бара жатқан Назарбаев» мүсіні Ресейдегі өнер мұражайына сатылды
- Судандағы қырғын: Екі күнде көтерілісшілер екі мың бейбіт тұрғынды қырып тастады
- Рудный қаласының бұрынғы прокуроры сотталды
- Келіні енесін өлтіріп, етінен манты дайындады
- БҚО-да бұрынғы әйелін қызғаныштан 19 рет пышақтаған адамға үкім шықты
- Римде Абай Құнанбайұлының ескерткіші қойылды
- Бір жылда мыңдаған қазақстандық өз ұлтын ауыстырды
- Боранбаевтың қайтарған компаниясы бір пәтерде: 35 млрд теңгелік мұнай активінің тағдыры не болмақ?
- Петропавлда такси жүргуізшісін темекі үшін өлтірген адам сотталды
- «Жүк көліктерін заңсыз тіркеген»: Ресейден қылмыстық топтың сыбайласы экстрадицияланды