«Елді бүлікке шақырды»: Шерзат ісіндегі сотталғандардың туыстары президентке үндеу жолдады
Фото: Бейнеден кадр
Шерзат Полаттың ісі бойынша сотталғандардың туыстары президентке бейнеүндеу жолдады. Өз үндеулерінде олар жәбірленуші тарапты арандатуды пайдалана отырып, сотта жеңу үшін қолдан келгеннің бәрін істеді деп айыптады, деп хабарлайды Orda.kz.
Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот ақ-қарасын ажыратып, үкім шықса да, бұл істің төңірегіндегі дау-дамай тоқтар емес. Бұл жолы сотталғандардың туыстары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жасап, марқұмның отбасы арандатушылық жасау арқылы манипуляциямен полицияға қысым көрсетуге тырысты деп айыптады.
Бұл бейнежазбаны Tik-tok желісінде Бауыржан Әбдірахманов атты блогер жариялады.
Бауыржан Әбдірахманов «сотталғандардың ата-аналары мен Талғар тұрғындарының бір бөлігінің ортақ ұстанымын» жария етті. Оның сөзінше, жасөспірімнің қазасынан кейін марқұмның туыстары оларға әлеуметтік желілер арқылы психологиялық қысым жасаған.
«Мақсаттарына жету үшін олар барлық тәсілді қолданды. Әлеуметтік желілер, тыйым салынған психологиялық әдістер, тіпті кейде ашық арандатушылыққа дейін барды», — деді ол.
Сонымен қатар, Қаржаубай Нұрымовтың Шерзат қайтыс болған түні де, інісі Нұрғанат Ғайыпбаевтың жаназасында да пышақ алып, адамдарға қарсы шыққанын және полиция қызметкерлерін де қорқытпақ болғанын айтты.
Еске сала кетсек, Нұрғанат қайтыс болған күні бір нәрсені біледі деген полицейді жібермеу үшін, оның көлігінің дөңгелегін тескен еді. Ол сол адамнан әлдебір ақпаратты айтуын талап етіп ашуға ерік берді. Нәтижесінде сол күні ұсталып, 15 күнге қамалды.
Сондай-ақ, бейнеүндеуде сотталушылардың жақындары Шерзаттың әпкесі полиция қызметкерін күрекпен ұрғанын, олардың туысы Реимова Бақыт қазақ халқына тіл тигізіп, бүлікке шақырғанын да жеткізді.
Сотталғандардың туыстары Бас прокуратура мен ҰҚК-ден марқұмның отбасының әрекеттерін тексеруді талап етті. Олар зардап шеккен тараптың әрекеттері Талғардың абыройына нұқсан келтіріп, ел ішіндегі жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкін деп есептейді.
«Осы айтылғандарға байланысты бізде сұрақ туындайды. Біздің елде заңнан тыс өмір сүретін немесе заңнан биік тұратын қандай да бір топ бар ма? Адамдарға осылай ықпал етуді оларға кім үйретті?» – дейді туыстары.
Марқұм болған 16 жасар Шерзат Полаттың туыстары әзірге бұл жағдайға қатысты жария түрде пікір білдірген жоқ. Алайда бұған дейін олар шығарылған үкімді қанағат тұтпайтынын айтқан еді. Туыстарының айтуынша, сот айыпталушылардың әрекетін жеке-жеке қарастырмай, бұл істі топ болып кісі өлтіру ретінде қарастыруы тиіс еді.
Еске сала кетейік, 5 маусым Шерзат Полаттың сотында судья Ержан Жанұзақов тоғыз күдіктіге қатысты үкімді оқыды. Orda.kz тілшісі осы сотқа қатысып тікелей ақпарат таратып отырды. Сот 16 жасар бозбала Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылды 23 жылға, ал Нұрғанат Ғайыпбаевқа пышақ тыққан Равиль Сәкиевті 20 жылға бас бостандығынан айырды. Қалғандарының қанша жылға бас бостандығынан айырылғанын толығырақ мына материалдан оқыңыздар.
Жаңалықтар
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр