Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады

cover Фото: freepik.com

Демографиялық деректерді талдау нәтижесінде 1991 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғанда халықтың денсаулық жағдайында түбегейлі өзгерістер болғанын көрсетті, деп хабарлайды Orda.kz.

Осы уақыт арасында қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа дейін жетті. Бұл — тәуелсіз мемлекеттің тарихындағы абсолютті рекорд.

ДСМ 1991 жылы өмір сүрудің орташа көрсеткіші 67,6 жас, 2001 жыл – 65,6 жас, 2011 жыл – 68,98 жас, 2021 жыл – 70,23 жасты құрағанын мәлімдеді. Осылайша, үш жарым онжылдық ішінде ел азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 8 жылдан астам уақытқа артты.

2025 жылы Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінде инфекциялық емес аурулардан болатын өлімді 25%-ға төмендеткен елдердің алғашқы ондығына енген.

«Оң динамика денсаулық сақтау жүйесін дамыту, халықтың өмір сапасын жақсарту және өлімді төмендету бойынша мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін айғақтайды», деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар