«Елде болу мерзімі қысқарды»: Әзірбайжандағы ресейліктерге жаңа заң шықты

cover Фото: Видеодан алынған кадр

Әзірбайжанда Ресей азаматтарының уақытша тұру мерзіміне қатысты ережелер өзгерді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы премьер-министр Әли Асадов мәлімдеп, қаулыға қол қойды. 

Жаңа заңға сәйкес, Ресей Федерациясының азаматтары мен Ресейде тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар Әзірбайжан Республикасына визасыз тәртіпте келген жағдайда, елде бір күнтізбелік жыл ішінде 90 күннен артық тұра алмайды. Шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Бұған дейін ел президенті Ильхам Әлиев Ресейге бірнеше талап қойған болатын. 

«Біріншіден, Ресей тарапы Әзірбайжаннан кешірім сұрауы керек. Екіншіден, өз кінәсін мойындауы керек. Үшіншіден, кінәлілер жазаланып, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек. Әзірбайжан мемлекетіне, зардап шеккен жолаушыларға және экипаж мүшелеріне өтемақы төленуі керек. Бұл - біздің шарттарымыз. Олардың біріншісі кеше орындалды. Біздің қалған шарттарымыз да орындалады деп үміттенемін», - деді Әзірбайжан президенті.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар