Ел медицинасы сынға қалды: Қазақстандықтардың неге көңілі толмайды?
Фото: Pexels
Қазақстанда медициналық қызмет сапасына көңілі толмайтындардың саны күрт өсті. Соңғы бес жылда Денсаулық сақтау министрлігіне түскен шағымдар саны 60,8%-ға артып, 7,7 мыңға жетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Қоғамдық саясат институтының деректеріне сүйенсек, әрбір төртінші қазақстандық медициналық мекемелерге наразылық білдіреді, шағымдардың басым бөлігі қала тұрғындарынан түседі (29,1%).
Негізгі шағымдар келесі себептерге байланысты:
- Сапасыз медициналық көмек – 32,5%;
- Ұзақ күту және ұзын кезектер – 22,2%;
- Емдеуден негізсіз бас тарту – 16,3%;
- Медициналық қызметкерлердің дөрекілігі – 15,2%;
- Диагнозды дұрыс қоймау – 12,5%.
Зерттеулер көрсеткендей, орта жастағы және табысы төмен адамдар медициналық қызметтерге жиі шағымданады. Сонымен қатар, әйелдер, ауыл тұрғындары және көп балалы отбасылардың шағымдары көбірек.
Қазақстандағы медициналық қызмет сапасына наразылық халықаралық деңгейге де жетті. STADA Health Report 2024 зерттеуі бойынша, қазақстандықтардың 67%-ы денсаулық сақтау жүйесіне қанағаттанбайтынын білдірген, еліміз зерттеуге енген 23 мемлекеттің ішінде екінші орында.
Өсіп келе жатқан наразылық аясында, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірыңғай мемлекеттік медициналық көмек пакетін және интеграцияланған медициналық ақпараттық жүйе құруды тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігі бұл тапсырмаларды орындауға кірісіп, бірнеше ірі бағдарламаны біріктіру арқылы дәрігерлердің құжаттармен жұмыс істеуге жұмсайтын уақытын қысқартып, қызмет көрсету сапасын жақсартуды көздеп отыр.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды