Екпе салдырмағандар жұмысқа бара алмай қалуы мүмкін

cover Фото: iStock

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов брифинг барысында елде карантиндік шараларды күшейту бойынша бірнеше ұсыныс жасады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

  • Covid-19-ға қарсы вакцина алмаған қызмет көрсету саласының жұмысшылары, ірі ұжымдар үшін жұмысқа келу бойынша шектеулер енгізіледі;
  • Екпеден бас тартқан қызметкерлерге міндетті ПТР-тестілеу талабы енгізіледі;
  • Ashyq жобасы бойынша істеп тұрған немесе жаңадан қосылатын нысандардың барлық жұмысшылары мен сауда нүктелерін жалға алушыларға екпе салдыру талабы енгізіледі;
  • Ashyq жобасына СОО, СҮ және азық-түлік емес базарлар кіреді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар