Екпе әкелініп жатыр, бірақ одан науқастар саны азайып жатқан жоқ

cover Литер

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Оның айтуынша, 12 күн ел «қызыл» аймақта. Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы облысы, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе - барлығы сегіз облыс қазір «қызыл» аймақта.

«Сары» аймақта жеті өңір бар - Шымкент, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай және Павлодар облыстары.

«Жасыл» аймақта тек Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстары бар.

– Ағымдағы жылдың сәуір айында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалды. Мәселен, сәуір айының 11 күнінде наурыз айының осы кезеңімен салыстырғанда 24 955 КВИ ауруы тіркелді. Сырқаттанушылықтың үш есе өсуі байқалады. Тәулігіне 2 800 науқас тіркеледі. Қостанай және Түркістан облыстарынан басқа Қазақстанның барлық аймақтарында аурудың өсуі байқалады. Сонымен қатар, елдегі сырқаттанушылықтың 61% үш облыстың үлесіне тиеді - Нұр-Сұлтан, Алматы, Алматы облысы, - деді Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында.

1 ақпаннан бастап 611 мың доза вакцина аймақтарға жеткізілді. Жеткізу бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылды. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Цойдың айтуынша, ертең келесі 300 мың дозаны аймақтарға жеткізіледі.

Сонымен қатар, сәуір айында 1,4 млн доза вакцина жеткізіледі. Бұл сәуір айында елдің екі миллионға жуық азаматы үшін вакцинаның қол жетімділігін қамтамасыз етеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар