«Екіншісін кім салады?»: Қазақстанда екі АЭС қатар салынады

cover Фото: Envato

Қазақстанда екі бірдей атом электр станциясы қатар салынады. Екінші АЭС-тің бас мердігері биыл күзде анықталады, деп хабарлайды Orda.kz.

Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың айтуынша, сол уақытқа дейін құрылыс жүргізілетін нақты орын да бекітіледі. Бұған дейін қаңтар айында екінші станция Абай облысында салынуы мүмкін екені айтылған болатын.

Елдегі алғашқы АЭС-тің құрылысын «Росатом» компаниясы жүргізеді. Бас мердігер таңдалып қойған. Ал екінші станцияны салуға қытайлық CNNC компаниясының кірісуі мүмкін. Бұл туралы Атом энергетикасы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев әр сөзін абайлап пікір білдірді.

Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге қатысты пікірін айтты:

«Қытайлық CNNC компаниясын АЭС салу жобасындағы сенімді стратегиялық әріптес ретінде қарастырып отырмыз. CNNC – жоғары біліктілігімен танымал компания, ол еліміздің нарығынан лайықты орын алуға қабілетті», – деді мемлекет басшысы.

Ал «Росатом» тарапынан алғашқы АЭС құрылысына қанша қаражат жұмсалатыны әзірге белгісіз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар