Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған

cover Фото: Orda.kz

Екібастұзда мемлекеттік қызметкерлер букмекерлік кеңселерде белсенді түрде бәс тігіп келген, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бас прокуратура мәліметінше, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісінің жеке шоты бойынша айналым 6,8 млн теңгені құраған. Сонымен қатар, ауылдық округ әкімі, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысының орынбасары, сондай-ақ қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің жеті қызметкері де букмекерлік кеңселерде бәс тіккен.

«Барлық құқықбұзушылық фактілері жөніндегі материалдар Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің әдеп жөніндегі кеңесіне жолданды», - деп хабарлады Бас прокуратура.

Мемлекеттік қызметкерлерді бақылауды әлсіз жүргізгені үшін қала әкімі аппаратының жауапты басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Айта кетейік, Қазақстанда 2024 жылдың 9 қыркүйегінен бастап құмар ойындар мен лотереялық қызмет мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген заң күшіне енді. Мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен бюджеттік ұйымдардың басшыларына құмар ойындар мен бәс тігулерге қатысуға тыйым салынды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар