Екібастұзда 7 жастағы бала мысықты 10-қабаттан лақтырды деген ақпарат рас па?
Фото: instagram.com/rupr.pvlshakeneva
Екібастұзда тұрғын үйлердің бірінде жеті жасар бала үйсіз жүрген мысықты 10 - қабаттан абайсызда құлатып алған, деп хабарлайды Orda.kz
Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенованың айтуынша, қайғылы оқиға кездейсоқ болған екен. Оқиғадан кейін жануарларды қорғаушылар шу көтеріп, мысықтың өліміне екі ұл мен бір қызды кінәлады. Айып тағылған балалардың бірі – жеті жастағы ұл. Өлген жануар – сол маңды мекендеген қаңғыбас мысық болғанын, балалар оған әрдайым тамақ беріп, ойнатып жүргенін айтты Шәкенова.
«Мысық өлген күні де балалар мысықты ойнатып жүрген. Олар көрші тұратын достарына барған кезде жеті жасар ұл бала мысықты баспалдаққа қойған. Мысық абайсызда құлап кеткен. Артынша бала бірден жүгіріп түсіп, мысықтың өлі денесін қолдарына алады. Дәл осы сәт бейнебақылау камерасы түсіп қалып әлеуметтік желіге тарап кетті», – деді омбудсмен Шәкенова.
Сонымен қатар, Шәкенованың сөзінше, баланы 2023 жылдан бері әжесі қамқорлығына алып тәрбиелеп отыр екен.
«Әжесі кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысына шақырылды. Әжесінің жағдайынан соңғы күндері қатты қиналғаны көрініп тұрды. Әлеуметтік желідегі пікірлерден кейін ол немересін тартып алады деп қорыққан. Әжесіне де, балаға да психологиялық көмек ұсынылды», – деді Шәкенева.
Жаңалықтар
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады