Екібастұз ЖЭО апаттан кейін жұмысын қалпына келтірді
Павлодар облысының әкімі Асайн Байхановтың айтуынша, күл-шаятын су құбыры зақымданғаннан кейін станцияда жөндеу жұмысы үздіксіз жүргізілген.
Бүгін сағат 04:30-да Екібастұз ЖЭО-да ыстық су қазандықтары жұмысын қатты отынға ауыстыру басталды.
«10 желтоқсан күні сағат 19:30-да бұрын су басқан аумақтардың барлығы құрғатылды. Осыдан кейін мамандар екі электр қозғалтқышын ауыстырып, сол арқылы күл құбыры сорғы станциясының жұмысын қалпына келтірді. Сағат 06:00-де бұрын мазутпен жұмыс істейтін үш ыстық су қазандығы толығымен негізгі отын түрі – көмірге ауыстырылды» деді облыс әкімі.
Осы уақытқа дейін станция белгіленген параметрлерге қол жеткізді: алты қазандық агрегаты жұмыс істеп тұр, үш қазандық резервте, біреуі жоспарлы жөндеуден өтті. Жылу беру параметрлері: қысым - 9/1,5 кгс/см²; жылу электр станциясынан шығатын жердегі температура 79 °C.
Әкімдік екібастұздықтардың пәтерлері алдағы үш-төрт сағат ішінде жылынып, сағат 10:00-де жылытудың температуралық көрсеткіштері 90 °C-қа жетеді деп уәде берді.
10 желтоқсан күні сағат 01:10-да Екібастұздағы жылу электр орталығында тағы бір апат болды. Күл құбырына зақым келген.
Жаңалықтар
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады