Екі елден зейнетақы алып жүрген азамат ұсталды

cover Фото: Pixabay

Қазақстан мен Ресейдің қос азаматтығы бар тұлға 10 жыл қатарынан екі елден заңсыз зейнетақы алып отырған, деп хабарлайды Orda.kz.

1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарының кепілдіктері туралы келісімге сәйкес зейнеткер Келісімге қатысушы мемлекеттер шегінде қоныстанған кезде зейнетақы төлеу бұрынғы тұрғылықты жері бойынша, егер зейнеткердің жаңа тұрғылықты жері бойынша мемлекеттің заңнамасында сол түрдегі зейнетақы көзделген болса, тоқтатылады.

Осылайша екі мемлекетте зейнетақы төлемі бір мезгілде тағайындалмайды.

Қалалық прокуратураның жауабы негізінде сот зейнеткерден заңсыз алынған 8,9 миллион теңге көлеміндегі зейнетақы төлемдер қайтарылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар