Екі баласын терезеден лақтырып жіберген әйел туралы көршілері тың дерек айтты
Фото: Бейнежазбадан кадр
Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып жіберген әйелдің әрекеті көршілердің жағасын ұстатты. Көршілерінің айтуынша, ол балаларына қамқор, сыпайы, жуас әйел болған, деп хабарлайды Orda.kz.
КТК арнасының мәліметінше бір жасар сәби клиникалық өлімді басынан өткерді. Қазір үшеуі де ауыр жағдайда ауруханада жатыр.
Көршілері әйелдің балаларымен бірге аулада жиі серуендейтінін айтты.
«Дабылдың дауысын естідім де, терезеден қарадым. Басында ештеңе түсінбедім. Оқиға екінші кіреберістің жанында болды. Ал ол бірінші кіреберісте тұрады. Кейін ұлым кіріп келіп: «Менің ойнайтын досым бар еді ғой, сол баланың анасы бесінші қабаттан балаларын лақтырып, өзі де секіріп кетті деді».
Көршісінің айтуынша әйел баланы бесінші қабаттан лақтырған.
«Олар негізі үшінші қабатта тұрады дейді. Бірақ ұлымның айтуынша, анасы үйге кіріп, бесінші қабатқа көтеріліп, сол жерден лақтырған», – дейді көршісі Венера Исмаилова.
Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты. Балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
- Бір жарым жастағы сәби ауруханаға жеткізілгенде клиникалық өлім жағдайында болған. Дәрігерлер шұғыл түрде реанимациялық көмек көрсетіп, кейін баланы жансақтау бөліміне ауыстырған. Жағдайы аса ауыр, себебі III дәрежелі жарақаттық шок тіркелген. Бала комада, бас сүйегінің кең көлемді жарақаты, ми мен ішкі ағзалардың зақымдануы анықталған.
- Оның 8 жастағы ағасы да жансақтау бөлімінде жатыр. Диагнозы: жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, жамбас сүйектерінің сынуы және ішкі ағзалардың жарақаты. Жағдайы — ауыр.
- Аналары есін біледі, бірақ жағдайы ауыр. Дәрігерлер жабық бас-ми жарақатын, қол-аяқ сүйектерінің сынуын анықтаған. Қазір ол да реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Еске салар болсақ, Павлодар қаласында бір әйел бесінші қабаттың терезесінен екі баласын лақтырып, кейін өзі де секіріп кетті. Оқиға Нұрмағамбетов көшесіндегі көпқабатты үйде болған. Бұл туралы облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды