Екі апта бұрын аштық жариялаған Жыланбаевтың жағдайы белгілі болды

cover Фото: инстаграм @marat_zhylanbayev

Марафоншы, азаматтық белсенді, «Алға, Қазақстан!» партиясын тіркеу жөніндегі бастамашыл топ жетекшісі Марат Жыланбаевтың 13 қарашадан бері аштық жариялап жатқанын түрме басшысы растады, деп хабарлайды Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап.

Ақмола облысы Степногорск қаласындағы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты №4 мекемеде жеті жылдық жазасын өтеп жатқан Марат Жыланбаев екі апта бұрын аштық акциясын бастағаны туралы хабарлаған едік. Бұл туралы оның адвокаты Мейіржан Досқараев мәлімдеген.

№4 мекеменің басшысы Қанат Тұлақов Марат Жыланбаевты сот үкіміне келіспейтінін айтып, тамақ ішуден бас тартатыны туралы өтінішпен жүгінді деді.

«Сотталған Жыланбаевқа медициналық көмек қажет емес, денсаулығы қанағаттанарлық. Компот, сүт, тәтті шай ішеді», - деді Тұлақов.

Түрме басшысының сөзінше, Жыланбаев 1 қарашада уақытша оқшаулау бөлмесіне ауыстыру туралы өтініш білдірген. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар