Джо Байден мен Светлана Тихоновская кездесті

cover

АҚШ президенті Джо Байден Беларусь оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановскаямен кездесті. Кездесудің болғаны жайлы ақпарат Америка басшысының Twitter-дегі парақшасында хабарланды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Бұған дейін Вашингтондағы келіссөздерде Беларусь президенттігіне экс-кандидат болған Тихоновская АҚШ билігін Александр Лукашенкоға қысым жасауды күшейтуге шақырған болатын.

Кездесу 28 шілде күні Ақ Үйде болды.

— Светлана Тихановскаямен кездесу мен үшін үлкен мәртебе болды. Ол АҚШ-тың «Беларусь халқын демократия мен жалпыға бірдей адам құқықтарына ұмтылуда қолдайды» деп атап өтті Байден.

Тихановская өз кезегінде, Америка президентіне «өзінің бостандығы үшін бейбіт күресетін миллиондаған батыл белорустармен ынтымақтастықтың күшті белгісі» үшін алғыс айтты.

Светлана Тихановскаяны АҚШ президенті қабылдағаны туралы хабарлама саясаткердің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында пайда болды. Кейін Тихановскаяның өзі ақпаратты «Настоящее время» телеарнасында растады.

Байденмен кездесу туралы айта келе, Тихановская Беларуссиядан «демократияға зорлық-зомбылықсыз қол жеткізу» және саяси тұтқындарды қолдауға көмектесуін сұрағанын айтты. Сонымен бірге, ол келіссөздерде Беларусь оппозициясы мен Вашингтон арасында нақты келісімдер туралы мәлімдемеді. Америкалық тарап та кездесудің егжей-тегжейін әлі ашып айтқан жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар