Джей Лоның концертінде төбелес шығарған әйел полиция басшысының жұбайы екені анықталды
Фото: Бейнежазбадан кадр
Әлеуметтік желілерде полицейлердің концерт кезінде жанжал шығарған әйелді сыртқа алып шыққан сәті түсірілген бейнежазба тарап жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Бейнежазбада әйел көрермендермен төбелесуге шақ қалғанда, тәртіп сақшылары оны залдан шығарып жатқанын көруге болады. Бұл туралы Telegram-дағы «За нами уже выехали» арнасы хабарлады.
Астана қалалық полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады.
«Әлеуметтік желілерде әлемдік жұлдыздың концерті аяқталғаннан кейін әйел адамның басқа көрермендермен келісе алмай, жанжал шығаруға шақ қалған сәті түсірілген бейнежазба тарады. Астана полициясы бұл жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлайды» деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, тергеу барысында оқиғаның басты кейіпкері – ішкі істер органы қызметкерінің жұбайы екені анықталған.
Алайда полиция бұл жайттың құқықтық баға беруге ешқандай әсер етпейтінін атап өтті.
«Бұл оның қоғамдағы мінез-құлқы үшін жеке жауапкершілігін күшейтетін фактор ғана. Полиция департаменті барлық азаматтардың заң алдында тең екенін ескертеді. Қызметкердің отбасы мүшесі болу ешқандай артықшылық бермейді», деп мәлімдеді Астана ПД.
Департамент тергеу барысы басшылықтың қатаң бақылауында екенін де айтты.
Кейін бұл әйел полиция қызметкерінің жары екенін Астана Полиция департаменті растады. Бірақ оның ешқандай артықшылыққа ие бола алмайтынын ескертті.
«Барлық азаматтар заң алдында тең. Тіпті J.Lo концертіне кірсеңіз де солай болады», – деді полиция өкілдері.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?