«Дүниежүзілік көшпенділер ойындары»: 5,7 млрдтық ойындардың ашылу салтанаты қалай өтті?
Фото: world nomad games
«Астана Арена» стадионында бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады Orda.kz.
Шоуға үш мыңға жуық әртіс қатысты, ал шараның басталуы таңғажайып бейнеролик пен қатысушы елдердің шеруімен ерекшеленді.
Әлемге танымал Димаш Құдайбергенов ән салды. Сонымен қатар бұлбұл әнші Роза Рымбаева ән айтты.

Қазақстан Президенті өз сөзінде ойындардың тарихи маңыздылығын атап өтіп, ата-бабаларымыздың Батыс пен Шығыстың арасында көпір салғанын және бүгін шара арқылы сол мұраны жалғастырып жатқанымызды айтты.
Спорттық бағдарламада 21 спорт түрі қамтылып, 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Биыл 89 елдің қатысуы, екі мыңнан астам спортшы мен ресми тұлғаның келуі, сондай-ақ 100 мыңнан астам турист келмек. Ойындарды 370 төреші қадағалайтын болады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алғаш рет 2014 жылы Қырғызстанның Шолпон-Ата қаласында өткізілді және бұл шара халықаралық дәстүрге айналды.
Салтанатты кештің толық нұсқасын «Хабар» youtubе-қа жариялады.
Еске сала кетсек, Orda.kz Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу үшін 5,7 миллиард теңге бөлетінін жазған болатын.
Әр қонаққа еліміз шамамен 1,8 миллион теңге жұмсайды. «Ұлттық және ат спорты орталығының» директоры Бақдәулет Сәбитов ойын барысында 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынатынын айтты.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Шара кезінде қала бойынша арнайы автобустар жұмыс істеп, таңертеңгі 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін қатынайды.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?