Дүниежүзілік банк Қазақстанға алты жыл бойы 1 млрд АҚШ долларына дейін қаржы бөлуге дайын
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Қазақстан мен Дүниежүзілік банк 2026–2031 жылдарға арналған серіктестіктің жаңа стратегиясын талқылады, деп хабарлайды Orda.kz.
Дүниежүзілік банк тобы мен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринмен өткен кездесуде банк алдағы алты жыл бойы жыл сайын 1 миллиард АҚШ долларына дейін қаржыландыруға әзір екені белгілі болды. Бұл жеке секторды нығайтуға, инфрақұрылымды дамытуға және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қосымша мүмкіндік береді.
Тараптар 2020–2025 жылдарға арналған алдыңғы стратегияның іске асырылу қорытындыларын да шығарды. Осы кезеңде жалпы құны 4,2 млрд АҚШ доллары болатын 14 жоба жүзеге асырылған. Олардың қатарында «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін дамыту, Алматы — Қорғас автожолын қайта жаңғырту, суару және дренаж жүйелерін жаңарту секілді жобалар бар.
Халықаралық қаржы корпорациясы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына консультациялық қолдауды жалғастырып, инвестициялық қызметті, оның ішінде кредит беру мен жеке инвесторлардың қатысу аясын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Алдағы басым бағыттар қатарында теміржол инфрақұрылымын жаңғырту, қаржы институттары арқылы микро және шағын бизнесті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, соның ішінде заманауи ауыл шаруашылығы техникасын жеткізуді қаржыландыру және астықты терең өңдеу жобаларын іске асыру аталды.
Алдағы уақытта стратегия жобасы пысықталып, оны Дүниежүзілік банк директорлар кеңесінің қарауына ұсынылады.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстан – кедей де емес, бай да емес ел: Halyk Finance сарапшылары экономиканың әлсіз тұстарын атады
- Әлемде 650 млн әйел жеткіншек жасында тұрмысқа шыққан
- Алматы облысында түйе керуені Гиннесс рекордын жаңартты
Жаңалықтар
- Иранда барлау қызметінің басшысы Маджид Хадеми көз жұмды
- Ақмола облысында бөгет жарылды: Қазіргі жағдай қалай?
- Атырауда 2-сынып оқушысын көлік қағып өлтірді
- Астанада Танагөз Толқынқызына қатысты тексеру аяқталды
- Алматы облысында 14 және 17 жастағы жасөспірімдер үй ұрлығымен айналысқан
- АҚШ пен Иран 45 күндік бітімге келуі мүмкін
- Әлкей Марғұлан: Мұрағат пен дала арасындағы ғалым
- Қазақстанда қандай кітаптарды сақтау қылмыс саналады?
- Прокуратура Жақсылық Омарға шыққан үкімге пікір білдірді
- Дағыстанды су басты: Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде
- Қарағанды облысында ішінде 50 адамы бар автобус аударылды
- Ақмола облысында бөгет жарылды
- Армения Ресей газ бағасын көтерсе, ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығатынын мәлімдеді
- Түркістан облысында бірнеше күн іздестірілген суға батып кеткен қыздың денесі табылды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы кейбір кемелердің өтуіне рұқсат берді
- АҚШ-та ирандық генерал-майор Сүлейманидің туысы ұсталды
- Алматыда жеке клиникада сүндетке отырған бала ауруханаға түсті
- Иран Кувейт, Бахрейн және БАӘ-дегі АҚШ-тың әскери нысандарына шабуыл жасады
- Қазақстан мен Қытай шекарасында бірнеше өткізу пункті жабылды
- Қазақстан жолдарында лазерлік жарықтандыру болады