Думан Мұхаммедкәрімнің денсаулығы дәрігерлердің бақылауында — ҚАЖК
Коллаж: Orda.kz
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі Думан Мұхаммедкәрім дәрігерлердің бақылауында екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Журналист Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша дәрігерлердің тұрақты бақылауында және қалалық емханаға тіркелген екен. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп отыр.
«Ол жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерден үнемі өтіп тұрады және тәжірибелі бейінді мамандардан кеңес алады», деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметі.
ҚАЖК 30 тамыз және 19 қыркүйекте Думан Мұхаммедкәрім кезекті клиникалық, зертханалық және диагностикалық зерттеулерден өткенін, журналистен ауыр аурулардың белгілері анықталмағанын, өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрмағанын атап өтті. Денсаулық жағдайы медицина қызметкерлерінің ерекше бақылауында екен.
Сонымен қатар комитет Думан Мұхаммедкәрімнің камерасына тасталған белгісіз затқа байласты қызметтік тергеу жүргізілгенін мәлімдеді.
«Тексеру барысында бұл факт расталмады», деп толықтырды комитет.
Айта кетейік, бұған дейін түрмеде отырған журналист Думан Мұхаммедкәрімнің адвокаты оның мекемедегі жағдайына алаңдап мәлімдеме жасаған еді.
Жаңалықтар
- Тегеран Түркия, Әзербайжан және Кипрге шабуыл жасамаған — Иран СІМ
- 2430 жылға сотталуы мүмкін: Ыстамбұлдың экс-мэріне қатысты сот басталды
- Ирандағы «мұнай аралас жаңбыр»: ДДҰ дабыл қақты
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіттері табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Қазақстандық ғалым Шыңжаңда Абайды «дұрыс түсіндірмеді» деген айыппен сотталды
- Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды
- Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсе түсті
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді
- Алматыда ауаның ластанғаны ескертілді, мәслихат арнайы ереже қабылдады
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті
- «Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді
- Иран Сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшы кім екенін мәлімдеді