Досаев уәдесінде тұрса – Алматы көшелері қара түнектен арылады
Алматы әкімдігі 2025 жылға дейін сыртқы жарықтандыру мәселесін толығымен шешуге де уәде беріп отыр. Бұл туралы мәслихат сессиясында әкім Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
«Бүгінгі таңда 4829 шам ауыстырылып, 49,3 шақырым сыртқы жарықтандыру желілері қалпына келтірілді. Ауданның қамту деңгейі 53%-дан 75%-ға дейін өсті. Қалған жеті ауданда сыртқы жарықтандыруды күтіп-ұстау ағымдағы жылдың қараша айынан бастап аудандық деңгейге көшірілді», – деді Ерболат Досаев.
Келер жылы сыртқы жарықтандыруды қамтамасыз етуге 9,9 млрд теңге бөлу жоспарлануда.
Еске салайық, қазір әкімдік МЖӘ аясында 2018 жылы міндеттемелерді адал орындамағаны үшін жасалған келісім бойынша жеке серіктеспен сот ісін жүргізуде.
Бұған дейін Orda.kz тілшісі Алматыда сыртқы жарықтандыруды жаңғырту кезінде қаражат ұрлау фактілері бойынша «ABM-Building 2007» ЖШС, «Электроремонт» ЖШС және «ABM-Project» ЖШС-не қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлаған болатын.
«Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «ABM-Building 2007» ЖШС, «Электроремонт» ЖШС және «АБМ-Проект» ЖШС-не қатысты Алматы қаласының сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңғырту кезінде қаражат ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер таратуға жатпайды» деген болатын сауалымызға Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті.
Бұған дейін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Алматы Қала Жарық» компаниясы мен жеке компаниялар арасындағы дауда әкімдік жағына шыққан болатын.
Әңгіме сыртқы жарықтандыруды жаңғырту жобасы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісімін бұзу туралы болып отыр, оған «ABM-Building 2007» ЖШС, сондай-ақ «Elektroremont» және «ABM-Project» консорциумы жауапты.
Жаңалықтар
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?