Дональд Трамп Газадағы бітімгершілік қашан күшіне енетінін айтты
Фото: Ақ үй
АҚШ президенті Дональд Трамп «ХАМАС» Ақ үй ұсынған бейбіт жоспарға келісімін растағаннан кейін ғана Газа секторындағы оқ атуды тоқтату режимі енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол 4 қазанда өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Orda.kz.
«ХАМАС келісімнің тез арада күшіне енетінін растаған соң, кепілге алынғандар мен тұтқындарды алмасу басталады және біз осы 3000 жылдық апаттың соңына жақындататын кері шегінудің келесі кезеңіне жағдай жасаймыз», - деп атап өтті Америка көшбасшысы.
Трамптың айтуынша, Израиль ХАМАС-қа хабарланған күштерді қайтарудың бастапқы желісімен келісті. Израиль тарапы бұл мәлімдемеге әзірге түсініктеме берген жоқ.
Бұған дейін АҚШ президенті Газадағы бейбіт жоспармен келісу үшін топқа 5 қазан күні кешке дейін уақыт берген болатын. Егер ондай болмаса, содырлар түбегейлі жойылады, деп мәлімдеген еді Трамп.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп ХАМАС қозғалысына соғыс әрекетін тоқтату жөніндегі бұрын ұсынылған келісімді қабылдауға қатысты соңғы ультиматум қойып, олай болмаған күнде «Тозақ отын жаудырамын» деп қорқытқан болатын.
Ертесі аталған топ Газа секторында ұсталған барлық израильдік тұтқындарды босатуға дайын екенін хабарлады. Бірақ олар Трамп жоспарының қалған тармақтары бойынша талқылауды талап етті.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды