Дипломатиялық деңгейдегі тыңшылық: Польшада ұсталған қазақстандық әскери атташенің көмекшісі жайлы не белгілі?
Фото: ABW
Қазақстанның Украинадағы елшілігінде әскери атташенің көмекшісі қызметін атқарған, Польшада «тыңшылық жасады» деген күдікпен қамауға алынған адамның есімін Orda.kz анықтады.
Мәлім болған ақпарат
Orda.kz дереккөзі хабарлағандай, ұсталған азаматтың аты-жөні – Әнуар Бигембай. Жасы шамамен 30–35-те, екі баласы бар. Солардың бірі Киевте дүниеге келген. Ол Ресейде әскери оқу орнын тәмамдаған. Болжам бойынша, Қазақстанмен қарым-қатынасты шиеленістірмеу үшін Украина жақ поляк арнайы қызметіне күдіктіні өз бетінше ұстауға мүмкіндік берген.
Ұсталған адам қызмет еткен құрылым Қазақстанның Украинадағы елшілігінен бөлек жұмыс істейді. Өз бюджеті бар және тікелей елшіге бағынбайды. Онда бар-жоғы үш қызметкер еңбек етеді: әскери атташе, оның көмекшісі және бір маман. Киевте олар отбасымен бірге тұрады. Ал елшілік қызметкерлеріне отбасын әкелуге рұқсат етілмеген.
Киевпен әуе қатынасы тоқтағандықтан, ресми хат-хабар мен жеке заттар Польша арқылы жеткізілген. Дипломатиялық миссия қызметкерлері көбіне пойызбен баратын. Бұл қауіпсіз болғанымен, шамамен 15 сағат уақыт алатын. Ал әскери қызметкерлер жолды тездету үшін – орта есеппен он сағатта – автокөлікпен жүргенді жөн көрген.
Біз қызық бір жайтқа назар аудардық. Қазақстанның Украинадағы елшілігінің сайтында әскери атташе қызметін Қисентаев Бақытжан Бегімбайұлы атқаратыны көрсетілген. Атташенің әкесінің аты мен көмекшінің тегі бірдей болуы жай ғана сәйкестік пе?
Дипломатиялық иммунитет
Біз бұрынғы дипломат Қазыбек Бейсебаевтан елшіліктерде әскери қызметкерлердің қалай жұмыс істейтінін сұрадық.
«Мұндай жағдайлар халықаралық дипломатиялық тәжірибеде жиі кездеседі. Дүниежүзінің кез келген елшілігінде дипломат кейпінде барлау қызметінің өкілдері жұмыс істейді. Әскери атташелер мен олардың көмекшілері дипломат ретінде тіркеліп, барлық артықшылық пен иммунитетке ие болады», — деді Қазыбек Бейсебаев.
Оның айтуынша, мұндай қызметтің құқықтық мәртебесі 1961 жылы қабылданған Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясымен айқындалған. Бұл құжат қылмыстық және өзге де қудалаудан иммунитет береді.
«Біздің әскери атташенің көмекшісін ұстау оқиғасына келсек, Польшаның СІМ-і біздің елшіні шақырып, көмекшінің заңсыз әрекетке барғанын айтады, ескерту жасайды, содан соң оны persona non grata деп жариялап, 48 сағат ішінде елден кетуді талап етеді. Мұнда жаңа ештеңе жоқ. Тыңшылық бұрын да болған, бола да береді», – деді Бейсебаев.
Бұған дейін Elmedia басылымы өз дереккөздеріне сүйене отырып, Қазақстанның Украинадағы елшілігінің әскери атташесінің көмекшісі Б. Әнуар екенін хабарлаған. Ол бұл қызметте бір жарым жыл істеген. Польшада қамаған мүмкін болған. Өйткені оның дипломатиялық иммунитеті тек Украина аумағында ғана жарамды еді.
Ресми мәлімет әзірге жоқ. ҚР Қорғаныс министрлігі болса Польшада қазақстандық әскериатташе қызметкерінің ұсталғанын растады.
Автор: Аянрафри Нарикбаев
Жаңалықтар
- Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікті өлі табылды
- Бишімбаев ісін қараған судья Сәния Әлімжанованың өлімі бойынша сот үкімін шығармай, тергеуді қайта бастады
- Өзен тасыды: Қазақстан Ресеймен шекарадағы өткізу бекетін уақытша жапты
- Алматыдағы резонанс: жол апатынан кейін қай шенділер қызметінен кетті?
- Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қақтығыстар қайта басталды
- Ресейде төбелескен қазақстандықтар жазалана ма?
- Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды
- Тоқаев: альпинизм мен заманауи тау туризмі жан-жақты дәріптеледі
- Перизат Қайраттың түрмедегі жағдайы қалай?
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты
- Батыс медиасы АҚШ құрлық операциясын бастайтынын жазып жатыр. Трамп неге соққыны кейінге қалдырды?
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын күшейту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес