Дина Таңсәрі Черногориядан саяси баспана алды
Фото: Telegram Дина Тансари
«НеМолчиKZ» қорының жетекшісі Динара Смаилова, елге Дина Таңсәрі есімімен танымал белсенді мен оның жұбайы Алмат Мұхамеджанов екеуі Черногориядан саяси баспана алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы отбасына басынан бастап қолдау көрсетіп келе жатқан «Азаматтық альянс» ұйымы хабарлады.
«Осылайша ұзақ әрі күрделі процесс аяқталып, енді Динара Смаилова мен Алмат Мұхамеджанов Черногорияда, қауіпсіз ортада өмірлерін жалғастыра алады» деп жазды ұйым өкілдері.
Баспана алу процесі шамамен екі жылға созылған.
2024 жылдың сәуір айында Смаилова Қазақстанның сұранысы бойынша Черногорияда ұсталды. Оған елімізде алты бірдей қылмыстық іс бойынша айып тағылған.
Алайда ертесіне-ақ Подгорица соты белсендіні босатып, оның төлқұжатын алып қойып, экстрадициялау процесін баспана беру туралы өтініші қаралғанға дейін тоқтатты.
Смаилованың өзі тағылған айыптарды жоққа шығарды. Дина бұл айыптарды саяси астары бар, қудалау деп есептейді.
Журналистерге берген сұхбатында ол бұл қылмыстық істердің қолдан ұйымдастырылғанын және тікелей өзі басқаратын, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресетін, полицияның жәбірленушілер өтінішіне немқұрайлы қарауына қарсы бағытталған қор жұмысына байланысты екенін айтқан.
Дина отбасымен бірге Қазақстаннан 2021 жылы кеткен. Алдымен Грузияға көшіп барған. Бірақ бұл ел оған 2023 жылы елге кіруге тыйым салғаннан кейін, Черногорияға қоныс аударған.
Жергілікті құқық қорғау және әйелдер ұйымдары Смаилованы экстрадицияламауға және оған баспана беруге шақырып, ашық үндеу жариялаған.
Ақырында Черногория билігі олардың талабын ескеріп, саяси баспана беру туралы шешім шығарды.
Жаңалықтар
- Астанадан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылды: Оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды
- «Иранмен қақтығыстан кейін Түркиямен бетпе-бет келуіміз мүмкін»: Израильдің бұрынғы премьері Ердоғанға шүйлікті
- Атыраудағы қандықол күйеу бала: Жоғалған отбасының ұлы мен қызының мүрдесінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталды
- «Хезболла» Израильге жаппай зымыран шабуылын жасады
- Соғыстың 12-күні: Иран көмек сұрай бастады, Трамп соғысты аяқтау туралы айтты
- Алматыда бұрынғы полиция шенділеріне есірткі сатушыларға «қорған болды» деген айып тағылып, 12 адамға қатысты сот ісі басталды
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді
- Түркістан тұрғыны: «Мені 37 күнге психиатриялық ауруханаға заңсыз қамады»
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді