Димаш Құдайберген «Славянский базар» байқауында әділқазы

cover echopitera.com

2021 жылы Димаш Құдайберген Витебскіде (Беларуссия) өтетін «Славянский базар» халықаралық өнер фестиваліне қатысады. Осыдан 3 жыл бұрынғыдай ол осы шара аясында өтетін ән байқауының қазылар мүшесі болады, деп хабарлады Orda.kz.

Сонымен қатар, «Славянский базар» өнер фестивалі шеңберінде балалар мен ересектер арасындағы эстрадалық ән орындаушылар конкурсының Қазақстаннан ұлттық таңдауын Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева басқарады.

Халықаралық «Славянский базар» өнер фестивалі биыл тарихтың 30 жылдығына орай өткізіледі. Ол Витебск қаласында (Беларуссия) 2021 жылдың 15-19 шілде аралығында өтеді.

2015 жылы Димаш Құдайберген қатысушы ретінде «Славянский базардың» Гран-приін жеңіп алды. Кейінірек Әділхан Макин жеңісті эстафетаны жалғастырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар