Диас Абылайдың туған күнінде түсірілген видео тексеріліп жатыр

cover

Алматыда танымал қазақстандық әнші Диас Абылай карантиндік шектеулерге қарамастан өзінің туған күнін атап өтті. Әлеуметтік желіде сол кештің видеосы таратылды.

Бұл туралы Orda.kz BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Мерекеге қазақ эстрадасының жұлдыздары Әли Оқапов пен Индира Еділбаева, блогерлер Малика Хохо мен Али Князкин, актриса Гүлнәз Жоланова мен жүргізуші Әбдел Мұхтаров қатысты. Кеш қонақтары әлеуметтік арақашықтық сақтамаған.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, бұл видеоны қазірдің өзінде санитарлық дәрігерлер мен бақылау тобы зерттеп жатыр.

– Отырыстан алынған бейнежазбалар зерттеуге және дәлелдемелерді жинауға мониторингтік топқа жіберілді, - деді Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар