Депутат Эпштейн файлындағы қазақтар туралы шындықты талап етті
Фото: New York State Sex Offender Registry via AP
ЖСДП фракциясының жетекшісі Асхат Рахымжановтың Бас прокурор Берік Асыловқа, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевқа «Эпштейн файлдарында» айтылған Қазақстан азаматтары туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Асхат Рахымжановтың сауалында аталмыш файлда Кәрім Мәсімов 8 рет аталғаны айтылады.
«Құжаттарда бұрынғы премьер-министр және ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің аты-жөні кемінде сегіз рет аталады. Мәсімов қазір мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алуға әрекеттенгені үшін жазасын өтеп жатыр. Материалдардан Джеффри Эпштейн мен Мәсімовтің жеке таныс болғаны көрінеді», - деді Асхат Рахымжанов.
Сондай-ақ фракция жетекшісінің мәліметінше, файлда Эпштейн мен Қайрат Қилымбетовтің Нью-Йоркте бірге демалғаны айтылады. Қайрат Қилымбетов бұған дейін премьер-министрдің орынбасары болып, Ұлттық банкті басқарған.
Депутаттар мына бағыттар бойынша тексеру жүргізіп, нәтижесін парламентшілер мен қоғамға хабарлауды сұрайды:
- Эпштейн файлдарында көрсетілген, аты аталған қазақстандық лауазымды тұлғалар және олармен аффилиирленген адамдар туралы ақпарат.
- Эпштейн мен аталған тұлғалар арасындағы кездесулердің сипаты мен мақсаттары.
- Эпштейнмен басқа да қазақстандық саясаткерлердің, кәсіпкерлердің және шоу-бизнес қайраткерлерінің байланыста болуы.
- Ел аумағында да, шетелде де Эпштейнмен бейресми кездесулер, жабық келіссөздер, ақпарат алмасу және өзара әрекеттесудің кез келген басқа нысандары.
- Ұлттық қауіпсіздікке ықтимал қатерлерді құқықтық бағалау: лауазымды тұлғалардың беделін түсіру, құпия ақпараттың, оның ішінде мемлекеттік құпияны жария ету тәуекелдері.
- Болашақта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін қабылданған немесе жоспарланған шаралар.
Оқи отырыңыз:
- ҰҚК «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасын ұстады
- Бейбітшілік кеңесінің ресми сайты іске қосылды
- Зорлық үшін сотталған Талдықорғандағы полиция басшысы колониядан арыз түсірді
Жаңалықтар
- Жәнібек Әлімханұлының қанында мельдоний қайдан жүр?: Боксшыға дәрі егілген
- Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
- Қатарлық бизнесмендер қазақтандық Tele2 операторын сатып алу жоспарын айтып берді
- Қожамұратова ісінде 392 құжат жарияланып, 298 жәбірленушіден жауап алынды
- Депутат Эпштейн файлындағы қазақтар туралы шындықты талап етті
- Павлодарда вейп дауымен қызметтен кеткен подполковник өзін ақтап алды
- Қазақстанда мұғалімдер енді мектептен тыс уақытта оқушы үшін жауап бермейді
- Алматы тауларында қар көшкіні кезінде студент қаза тапты
- КХДР ядролық күштерін Ким Чен Ынның 13 жастағы қызы басқарады
- Бейбітшілік кеңесінің ресми сайты іске қосылды
- БҚО-да жол құрылысына бөлінген қаржыны қолды қылған басшылардың тергеуі аяқталды
- Алматыда түні бойы жауған қардың қалыңдығы 17 сантиметрге жетті
- Менни Пакьяо мен Флойд Мейвезер арасында реванш өтеді
- Зорлық үшін сотталған Талдықорғандағы полиция басшысы колониядан арыз түсірді
- Бразилияда су тасқыны салдарынан 30 адам қаза тапты
- ҰҚК «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасын ұстады
- Ауа райына байланысты республикалық маңызы бар 2 автожол жабылды
- Мемлекет басшысы Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
- АҚШ Ресейге қатысы бар тұлғаларға қарсы жаңа санкциялар енгізді
- Алматыда арнайы жасақ танысын пышақтап ізін суытқан күдіктіні ұстады