Депутат Бақытжан Базарбекке кім қысым жасады?

cover Фото: mazhilis.parlam.kz

Мәжілісмен Бақытжан Базарбек Алматыдағы заңсыз құрылыс мәселесін көтерген соң, өзін тоқтатуға тырысқан қоңыраулар мен қысымдар көбейгенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек заңсыз жер қатынастарына байланысты қудалауға ұшырағанын ашық айтты. Оның айтуынша, Алматыдағы дауға айналған 12 жер учаскесіне қатысты мәселелерді көтергеннен кейін түрлі адамдар қоңырау қалып «сес» көрсеткен. Бұл учаскелердің артында ірі банкирлер мен шенеуніктердің мүддесі тұр.

«Құрылысқа тиіспеңдер деген қоңыраулар түсе бастады. Бірақ тоқтамаймыз. Бұл учаскелердің артында банктердің төрағалары, экс-шенеуніктер мен қаржы полициясы басшылары тұр», – деді Базарбек.

Ол бұл учаскелердің кейбірінің иелері деп Сауат Мыңбаев пен Сарыбай Қалмырзаевтың есімдерін атады. Айтуынша, бұл жерлерді мемлекетке қайтару жөнінде Бас прокуратура тапсырма берген. Бірақ құзырды органдар әлі орындамаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Базарбек Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің жағасындағы 82 жер учаскесін тексеруді бастағанын мәлімдеді. Прокуратура соның тек екеуі бойынша заңбұзушылықты растап, мемлекетке қайтару туралы сотқа талап-арыз берді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар