Денсаулық сақтау министрі маймыл шешегінің қаупі туралы айтты

cover Фото: gov.kz

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан үшін маймыл шешегінің таралу тәуекелдері аз екендігін айтты. 

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.

«Маймыл шешегі ауруына келетін болсақ, Қазақстан үшін қауіпі аз. Бірақ біз тиісті шараларды қолға алып жатырмыз. Бүгін де елге кіре берістегі 44 бақылау-өткізу бекеті күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Барлық қажетті санитарлық қызметтер іске қосылды. Бірақ жалпы алғанда маймыл шешегінің ел бойынша таралу тәуекелдері аз», — деді министр.

Сонымен қатар, Алматы мен Астанаға маймыл ауруын анықтау үшін тиісті диагностикалық жинақтар әкелінгенін айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар