Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды

cover Фото: ТЖД

Щучинск қаласындағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды. Аудандық ауруханада қайтыс болған науқастың денесінің 85%-ы күйген, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қазір аудандық ауруханада екі адам ауыр жағдайда жатыр. Тағы төрт науқас облыстық көпсалалы ауруханада ем қабылдауда. Олардың бірі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 

Бүгін, 3 наурызда Авиценна атындағы Бурабай ауруханасында жарылыстан зардап шеккен бір науқас қайтыс болған еді. Көп ұзамай тағы бір адамның көз жұмғаны белгілі болды. 

Нәтижесінде дәмханадағы жарылыстан ажал құшқандардың саны 9-ға жетті. 

«Палау орталығы» дәмханасының басшысы кеше, 2 наурызда ұсталған. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, жарылыс 27 ақпанда түнде болды. Бірден 7 адам тіл тарпай кетті, 20 адам дереу ауруханаға жеткізілген еді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар