«Денені мұздатқышта сақтаған»: Ақтөбеде танымал дәрігерді әріптесі азаптап өлтірді
Фото: Orda.kz
Ақтөбеде 69 жастағы белгілі дәрігер Абай Айсағалиевтің өліміне қатысты сот отырысы басталды. Әріптесі марқұмның басына дорба (пакет) кигізіп, денесін мұздатқышта сақтаған, ақшасын ұрлаған, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жантүршігерлік қылмыс жайлы ақпарат айтылды. Orda.kz тілшісі сот отырысына қатысып, мән-жайды біліп қайтты.

Белгілі болғандай, әріптесі оны бірнеше рет пышақтап, балтамен ұрған. Денесін мұздатқышқа жасырып, ГАЗель жалдау арқылы қаланың ішінде еркін тасымалдаған. Кейін Pinduoduo сайтынан алған маскамен марқұмның банктердегі ақшасын ұрлағаны айтылды.
31 жастағы сотталушы сот залына арнайы күзетпен жеткізілді.
Ол Қылмыстық кодекстің «адам өлтіру» 99-бап 2-бөлік 8-тармағы, «ұрлық» 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша айыпталды.
29 мамыр күні жергілікті парақшаларда дәрігердің 23 тамыздан бері табылмай жатқаны туралы ақпарат шыққан еді.
Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы 5 жыл бойы жәбірленуші Айсағалиевпен бірге жұмыс істеген. Оның жалғыз тұратынын біледі. Банкте қомақты қаржысы бар екенін біліп, сеніміне кіреді. Телефонға банк қосымшасын жазып беру арқылы
телефондағы парольді де білген. Әрі қарай қылмыстық ойын жоспарлап, Pinduoduo сайтынан силиконды маска сатып алады.
19 мамырда Айсағалиевтің көзіне ота жасату үшін Астана қаласына баратынын білген. Үйінің кілтін алып қалған. Марқұм 2025 жылдың 24 мамыры күні сағат 22:44-те Астанадан Ақтөбеге ұшып келеді. Сол күні түнде сотталушы үйіне барған. Есікті дәрігердің өзі алаңсыз ашады.
Айыптауды оқыған прокурор дәрігер өлімінің сол күні түнде болғанын айтты.

«Ш. жәбірленушінің ас бөлмесінде Айсағалиевтің кеуде тұсына үш рет пышақ сұғып алады. Айсағалиев еденге құлайды. Одан кейін Ш. екі рет балтамен басынан ұрады. Өкпе мен жүрекке түскен жарақаттан, марқұм көп қан жоғалтып, көз жұмған. Ашық бас ми жарақатын алған.
Екі рет сол жақ кеуде тұсына пышақ сұғады. Сонымен бірге бетінде ұрып-соққан іздер бар. Ш. Айсағалиевтің өлгенін білсе де, оның қолын байлап, басына пакет кигізеді. Кейін денесін мұздатқышқа салып тастайды. 24 мамырдан 25 мамырға қараған түні ешкім көріп тұрмағанына көз жеткізіп, Айсағалиевтің банктегі есепшотында ірі көлемде ақша бар екенін біліп, банк картасын алып кетеді. Планшет, ноутбукті, телефондарын сөмкеге салып қоса әкетеді. Кейін силиконды масканы киіп, бірнеше банкоматтан ақша алады», — деді прокурор Гүлзара Көшербаева.
Сотталушы Айсағалиевтің есепшотынан жалпы көлемі 5 млн 268 мың теңге алған. Жалпы шығын — 7 234 860 теңге.
OLX арқылы ГАЗель тауып алып, ет салынған мұздатқышты гаражға апару керек деп айтқан. Жүргізуші жанына жүк көтерушіні ертіп әкеледі. Олар ішінде не бар екенін білмеген. Себебі сотталушы мұздатқышты скочтап тастаған. Кейін тағы көлік жалдап денені басқа мекенжайға апарған.
31 жастағы сотталушы кінәні мойындайды. Істі алқа билердің қатысуымен қарауды сұрады.
«Мен өз кінәмды толық мойындаймын, өкінемін. Сот алды тергеу кезінде мен тергеуге көмектестім. Өте өкінішті. Менің біреуді өлтіретін арам ойым болған жоқ. Әдейі жасаған жоқпын. Істі алқа билердің қатысуымен қарауды сұраймын», — деді сотталушы.
Сот сотталушының өтінішін қанағаттандырды. 25 қыркүйекте алқа билер іріктеліп, кейін басты сот талқылауы басталады.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Еліміздегі барлық банктерге тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесіне қолжетімділік берілді
- Алматыдан 282 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді
- Тоқаев Давоста Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылатыны туралы құжатқа қол қойды
- Үйге қамап, қонаққа кеткен: СҚО-да өрттен қаза тапқан қыздың анасы қамауға алынды
- Тақырып «Украина мәселесін реттеу» болмақ: Зеленский келіссөз үшін Швейцарияға келді
- Жамбыл облысындағы оқу-жаттығу жиындарынан кейін 22 жас спортшы ауруханаға түсті
- Ерлан Жетібаев Қазақстан СІМ ресми өкілі болып тағайындалды
- Теңіз кен орнындағы өртті тергеу үшін комиссия құрылды
- Отбасы банк жеңілдетілген ипотекаға кедергі болатын тұстарын алып тастады
- Қазақстан мен Франция заңсыз мигранттарды алмастырады
- Павлодардағы Halyk Bank бөлімшесін тонау ісі бойынша жаңа мәліметтер белгілі болды
- Астанада футболға Борат «бейнесінде» келген бельгиялық жанкүйерлер қамалды
- СҚО-да алты бірдей әкім қоқыс үйінділері үшін айыппұл төледі
- Қаскелеңде үзіліс кезінде аяқ астынан мектеп оқушысы қайтыс болды
- Өзбекстанда ту түстес көйлек киген модель жазаланды
- Нұрайдың шағымын елемеген полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Трамп: АҚШ Венесуэладан 50 млн баррель мұнай алып үлгерді, енді елдің жағдайы «керемет» болады
- Қазақстан 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға 36 спортшы жібереді
- Еліміздегі скрининг бағдарламаларының саны артты
- Тоқаев Конституциялық комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды