«Deepfake-порнография»: Telegram Оңтүстік Кореядан кешірім сұрады
Коллаж Orda.kz
Telegram өкілдері Оңтүстік Кореяның Байланыс стандарттары жөніндегі комиссиясының (KCSC) жалған порнографиялық мазмұнды жою туралы талабын орындап, орын алған жағдай үшін ресми кешірім сұрады деп хабарлайды Orda.kz.
Yonhap агенттігінің мәліметінше, Telegram-ның Шығыс Азиядағы филиалы KCSC-ге электрондық хат жіберіп, 25 порнографиялық материалды платформадан өшіргенін анықтады. Сонымен қатар, компания болашақта медиа бақылау органымен байланыс орнату үшін арнайы электрондық пошта мекенжайын ұсынды.
Бұл әрекеттер Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльдің өткен аптада «цифрлық сексуалдық қылмыстар эпидемиясын» жоюға шақыруынан кейін жасалды.
Оңтүстік Корея полициясының мәліметі бойынша, бір аптаның ішінде deepfake технологияларын пайдалану арқылы жасалған сексуалдық қылмыстарға қатысты 88 арыз түскен.
Тергеу барысында Telegram-дағы осындай порнографиялық контент жасауға көмектесетін сегіз автоматтандырылған бағдарлама және бұл материалдарды тарататын топтық чатты бақылауға алды.
Жаңалықтар
- Бүгін Оскар сыйлығының 98-ші марапаттау рәсімі өтеді
- Exit-poll: Референдумда 86,7% дауыс беруші жаңа Конституцияны қолдады
- Иранның жаңа рухани көшбасшысы Моджтаба Хаменеи Ресейге жеткізілді — БАҚ
- Жауапкершілікке тек бір азамат тартылды: Бас прокуратура мен ІІМ Референдум қорытындысын айтты
- Қазақстанда референдумдағы дауыс беру аяқталды
- Референдум-2026: Дезинформацияға қарсы күрес орталығы желідегі жалған ақпараттарды тіркеп жатыр
- Заңсыз активтерді қайтару аясында мемлекетке 1 трлн теңгеден астам қаржы құйылды – Бас прокуратура
- Қазақстанда сағат 16:00-дегі жағдай бойынша референдумдағы алдын ала қатысу көрсеткіші 64,43% болды
- Иран Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатудың екі шартын атады
- Референдум: Қаныш Сәтбаев атындағы университетте қалай өтіп жатыр?
- Назарбаев: Бір кезде мен Тоқаевты таңдадым, қазір де қолдаймын
- Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін журналистермен брифинг өткізді
- Қуандық Рахым референдумда дауыс берді, Димаш денсаулығына байланысты қатыса алмады
- Референдум: Мүмкіндігі шектеулі жандар қалай дауыс береді?
- Қазақстан полициясы күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр
- Референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы ақпарат жаңарды
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
- Назарбаев референдумда дауыс беруге келді
- Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді
- ОСК референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы дәл қазіргі мәліметті берді