ДДҰ QazVac-ты ұсынылатын дәрі-дәрмектер тізіміне енгізді

cover

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы QazVac вакцинасын ұсынатын медикаменттер тізіміне кіргізді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-жалпы отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:

– Қазақстан өзінің ғылыми әлеуетінің арқасында коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын әзірлеп, өндіріске шығарған санаулы ғана елдердің бірі екендігін атап өткім келеді. Өткен аптада ғана мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорымен кездесу өткіздім. Бұл ұйым төтенше жағдайларда пайдалану үшін ұсынылатын медикаменттердің тізіміне QazVac вакцинасын қосу мәселесін қарастырады. Біз вакцина өндірісін арттыруға және оның шетелге экспортын жолға қоюға дайын екендігімізді айтқым келеді, - деп мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар