Дариға Назарбаева президент сайлауына қатыса алады

cover

Қазақстан сенатының экс-спикері Дариға Назарбаева мемлекет басшысы лауазымына өз кандидатурасын ұсынуға құқығы бар. 

Бұл туралы Мәжіліс алаңында ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты.

Сонымен қатар ол Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың да осындай құқығы бар екенін түсіндірді.

— Әрине, Нұрсұлтан Назарбаев та қатыса алады. Президенттікке үміткерлерге қойылатын талаптарға сай келетін кез келген адам өзін-өзі ұсына алады, — деді Өтемісов журналистердің сауалдарына жауап бере отырып.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кезектен тыс президент сайлауы биылғы күзде өтетінін жариялады. Яғни, 2022 жылдың күзінде. Бірақ әлі нақты күні бегіленген жоқ. Оны президент өзі нақтылайды.

Еске салсақ, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс беру процесіне қатысу үшін конституциялық құқығын пайдалану мүмкіндігі бар.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар