Дәрігерлер елемеген қауіп: шизофрениямен ауыратын ер адам көршісін 27 рет пышақтады
Фото: Envanto
Атырау облысында шизофрениямен ауыратын ер адам көршісін 27 рет пышақтап өлтірген. Қайғылы оқиға марқұмның отбасы көз алдында болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға 2025 жылдың 8 маусымында Құрманғазы ауданының аумағындағы Каспий ауылында болған.
Көп жылдан бері шизофрения диагнозымен есепте тұрған ер адам көршісіне шабуыл жасап, оған 27 пышақ жарақатын салған. Ең сорақысы — оқиға марқұмның отбасының көз алдында, үйдің ауласында болған.
Сот мәліметінше, марқұмның отбасы да жылдар бойы осындай қауіпке қарамай бірге өмір сүріп келген. Ер адамның психикасы жиі сыр беріп, ашушаң күйге түсіп, пышақ алып шығатын болған.
Психикалық денсаулық орталығының дәрігерлері науқастың жағдайы «жақсарып келеді» деп сендіріп, оны бірнеше рет үйіне қайтарып жіберген.
Қайғылы жағдайдан кейін сот ер адамды есі дұрыс емес деп танып, оны мәжбүрлі ем қабылдауға жіберді. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің немқұрайлылығы үшін сот жеке ұйғарым шығарды.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды