Дания әйелдерді әскери қызметке шақыра бастайды

cover Фото: kp.ru

Дания үкіметі қарулы күштерді реформалау аясында әйелдерді 2026 жылдан бастап әскери қызметке шақыруды ұсынып отыр.

Бұл туралы The Guardian хабарлайды.

Премьер-министр Метте Фредериксенның айтуынша, үкімет «жыныстардың толық теңдігін» қалайды, сонымен қатар әскери қызмет мерзімін төрт айдан 11 айға дейін ұзартуды ұсынады.

Қорғаныс бөлімінің жоспарына сәйкес 2026 жылдан бастап жыл сайын ерлер мен әйелдерден 5000 әскер шақырылады.
2023 жылдың басында Данияның қорғаныс министрі Якоб Эллеман-Йенсен Дания армиясы елді шынымен қорғай алмайтынын айтып, әйелдерді міндетті әскери қызметке шақыруды ұсынды.
Өткен маусымда Дания парламентінің басым көпшілігі бұл шешіммен келіскен.
Данияның қазіргі Қорғаныс министрі Троэлс Лунд Поулсен Еуропадағы қауіпсіздік саясатына қатысты жағдайдың барған сайын күрделі болып келе жатқанын атап өтті.

«Әскерге шақыруды күшейту, оның ішінде толық гендерлік теңдік әскердің миссиясын, ұлттық жұмылдыруды және қарулы күштерімізді жинақтауды алға жылжытуы керек»,- деді ол.

Әскерге шақырудың 11 айлық жаңа үлгісі бойынша әскерге шақырылғандар бес ай негізгі дайындықтан өтеді, ал қалған алты айда армия, әуе және әскери-теңіз күштерінде жедел қызметке дайындалып, қызмет етеді.

Қазіргі уақытта 6 миллионнан аз ғана халқы бар Данияда 18 жастан асқан дені сау ер азаматтардың барлығы әскери қызметке шақырылады. Бірақ еріктілердің көптігіне байланысты әскерге шақырылушының қызметке жіберілу-жіберілмейтінін анықтайтын лотерея жүйесі бар.
1998 жылы дат әйелдеріне алғаш рет әскерде қызмет етуге рұқсат берілді, бірақ ерікті түрде және төрт айлық мерзімге бар алатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар