Дәрігер коронавирусқа қарсы екпеден кейін көз жұмды – жалған ақпарат

cover

Денсаулық сақтау министрлігі Covid-19-қа қарсы вакцинадан кейін дәрігердің көз жұмғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл туралы Orda.kz. Stopfake-ке сілтеме жасап хабарлады.

Facebook желісінде Алматы облысының Іле ауданында гинеколог дәрігер қайтыс болды деген хабарлама пайда болды. Жазба авторы өлімнің себебі коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина деп мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрлігі Қосөзен ауылының дәрігері коронавирусқа қарсы вакцина алмаған деп түсіндірді.

– Ағымдағы жылдың 5 наурызында Алматы облысы, Іле ауданы, Қосөзен ауылында 1965 жылы туған акушер ауырып қалды. 9 наурызда жедел жәрдем бригадасы науқасқа пневмония диагнозын қойып, оны фильтрге жеткізді.  Дәрігер орталық аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Ол 23 наурызда көз жұмды, - деп хабарлады департамент.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері дәрігер жұмыс істеген Іле орталық ауруханасында расталды. Олар марқұм коронавирусқа қарсы вакцина алмағанын баса айтты. Себебі ол кісіде медициналық қарсы көрсетілімдер болған.

Дәрігердің вакцинадан кейін қайтыс болуы туралы мәлімдеме авторы кейінірек жазбаны өшіріп, медициналық қызметкер пневмониядан қайтыс болды, бірақ вакциналанбаған деп жазған түсініктемесін жариялады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар