Covid-19: адам өлімінің рекордтық көрсеткіші қайда тіркелді?

cover РБК

Өткен тәулікте Бразилияда 3 780 адам көз жұмды. Пандемия басталғалы мұндай көрсеткіш әлі тіркелмеген. Дүниежүзі бойынша КВИ-дан мерт болған адамдардың төрттен бірі Бразилияда. Ол АҚШ-тан кейін екінші орында тұр. Жалпы 317 646 адам қайтыс болған.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Еске салсақ, Бразилияда коронавирустың жаңа штамы анықталған. Оған P.1 атауы берілген. Жаңа вирус бұрынғы түріне қарағанда тез жұғады.

Ал Германияда 31 наурыздан бастап 60 жастан асқандар мен әлсіз топтарға AstraZeneca екпесін салуды тоқтатқан. Вакцина жөніндегі комиссия екпеден кейін адамдардың азғасында қанның қоюлануы байқалғанын айтты. Жаңа хаттамаға сәйкес, AstraZeneca 60 жасқа дейінгі адамдарға салынады.

Айта кетсек, 30 наурызда ағылшын-швед компаниясының AstraZeneca вакцинасының атауы Vaxzevria болып өзгертілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар